Categories: Қоғам

Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашқан қазақстандықтың бірі елге қайтарылады

Оңтүстік Кореяда қашпақ болған екі қазақстандықтың жағдайы туралы ақпарат тарады. Бірі жақын арада елге қайтарлады, ал 3 күн іздеуде болған екінші азамат 3 айға қамауға алынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл ақпаратты Korea Komek қоры таратты. 

Бұған дейін 26 наурызда 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазақстан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Бір азамат сол күні ұсталса, екіншісі 3 күн бойы іздеуде жүріп, кейін өз еркімен берілді. 

Қазір екі қазақстандық та қамауға алынған. Олар Кореяға келулерінің басты себебі жұмыс істеп, қаражат тауып, отбасына көмектесу екенін айтқан. 

Korea Komek қорының қолдауымен азаматтардың бірі тез арада елге қайтарылады.

Ал Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып жүрген екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматына 15 жылға дейін бас бостандығынан айру жазасы тағайындалуы мүмкін. Бірақ ол өз еркімен берілгендіктен жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескерілуі мүмкін.

Қазақстандықтардың бұл әрекеті Оңтүстік Корея жұртшылығын дүрбелеңге салып, наразылық тудырды. Салдарынан соңғы екі күнде Кореяда жүрген 23 отандасымыз Қазақстан азаматы болғаны үшін жұмыстан қуылған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago