Фото: oren1.ru
Кез-келген мемлекет бар жерде арнайы қызметтердің агенттері жұмыс істейді. Олар арнайы барлау мектебінен өткен шпиондар. Агент оппозиция жағында жүрмейді, мемлекетке барынша зиянын тигізе алу үшін оған тек мемлекеттің құрылымына кіріп, биліктегі неғұрлым биік орындарға көтеріле беру керек.
Нағыз шпиондардың кез-келген мемлекеттің қауіпсіздігіне қол салу әрекетіндегі ең басты әдістері туралы ресейлік саясат және қоғам белсендісі Максим Кац былай депті:
«17 мгновений весны» деген шпиондық сериалда осының керемет мысалы көрсетілген. Бас кейіпкер, барлаушы Штирлиц нацистік Германияда Max Otto von Stirlitz деген атпен әскери қызметте жүреді. Шындығында ол совет елінің Максим Исаев деген полковнигі еді. Сюжет бойынша, үшінші Рейхтің ядролық бағдарламасын сол барлаушы жоқ қылады. Штирлиц немістің жетекші физигі Рунгенің әжесі еврей болғанын анықтайды. Сосын «мынау немістің шын жауы екен» деп, оған қарсы Гестапоны айдап салды. Ақыры аса көрнекті ғалым түрмеге қамалып, Германия атом бомбасын жасай алмай қалды.
Міне, шпионның бас мақсаты – мемлекеттің ең үздік адамдарына мемлекеттің өзі сенбейтіндей ету.
Осының бәрін тыңдап отырып, үлкен ойға қалады екенсің. Байқасаңыз, осы айтылған әдістер мен әрекеттердің бәрі Қазақстанда көрініс табады. Кім білген, бәлкім, қазақ билігінде кілең шпиондар отыр ма екен?
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…
View Comments
Ресей мен Қазақстанды шпиондар басқарып отырғанына мақаладағы теріс пиғыл процесстердің аталған екі елде өте ұқсастықпен және ыждағаттылықпен жүргізілуі мысал бола алады.