Categories: Білім

Оқушы дәптерінің мұқабасы неге қазақшаланбай келеді?

Бүгінде әр мектеп қабырғасындағы оқушы пайдаланып жүрген тор көз және жазуға арналған 12 беттік дәптерлер елімізде орысша жазылған мұқабамен сатылымға шығады. Нақтырақ айтсақ, тәуелсіздік алғалы бері осы жасыл дәптерлердің сырты өзгерген емес. Оны қазақ тілінде толтыру да оқушы мен ата-аналарына қиындық туғызуда. Дәптерлер неге екі тілде шығарылмайды және бұған кім жауапты? «Экспресс К» басылымы біліп көрген екен.

Басылымның жазуынша, мектеп оқушыларына арналған 12 беттік дәптердің әлі күнге қазақшаланбай жүргені әлеуметтік желіде де талқыланған. Онда желі қолданушыларының бірі тәуелсіздік алғалы осы дәптердің мұқабасын қазақшалайтын бір баспаның неліктен табылмай жүргеніне қынжылған. Кейбірітіпті мұқабадағы орысша үлгіні көрсетпес үшін, сыртын ақ парақпен қаптап жүргенін де жазыпты.

«Экспресс К» тілшілері осы мәселенің неліктен әлі шешілмей жүргенін білмекке оқу-ағарту министрлігіне сұрау салды. Онда бұл дәптерлер оқу бағдарламасында міндетті түрде қолданылса да, оқу басылымдарына жатпайды деп жауап берді.

Оқушыларға арналған бұл дәптер оқу басылымдарына жатпайды. Мұндай дәптер полиграфиялық өнім қатарына жатқызылған. Полиграфиялық өнімге тауар ретінде қойылатын талаптарды анықтайтын құжат — мемлекеттік стандартты (МЕМСТ) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті әзірлейді, 

делінген министрлік жауабында.

Осылайша оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі бұл мәселені өзге министрліктің құзырында дегенмен жылы жапқан. Ал Сауда және интеграция министрлігінен сұрағанда, мемлекеттік стандарттау ұйымына хабарласуды сұраған.

Ал мұндағы өкілдер мәселені сарапшылардан сұрап көретінін айтқан. Содан кейін ғана жауап беретіндерін мәлімдеді. Осылайша тек бір-біріне сілтеумен ғана шектелген. 

Басылым мәселені соңына дейін жеткізуге ниетті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago