Оқушылар 4 жыл қатарынан ҰБТ-дан құлап жатыр: себептері мен салдары

Жақында Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-2022 қорытындысы бойынша түлектердің 33%-дан астамы 50 шекті балл жинай алмағанын хабарлады. Ал бұл — 51 мыңнан астам адам. Яғни, кешегі мектеп оқушыларынан құралған бүтін бір топ жоғары білім ала алмайды деген сөз. Енді мемлекет алдында маңызды әлеуметтік міндет тұр — жастарды жұмыспен қамту үшін бір жерге орналастыру.

Ал, Білім министрлігінің алдында — бұл жағдайды талдап, мектеп түлектерінің үштен бірі ең маңызды емтиханда базалық білімнің нашар деңгейін көрсеткен себептерді анықтау тұр. Оқытушы, бизнес-жаттықтырушы Самат Панов проблеманың бірнеше себебі бар деп санайды.

ЖОО — таңдаулылар үшін

— Самат, алдымен, 33% деген көрсеткіш нені білдіретінін анықтап алайық: мектептегі білім сапасының төмендігі ме, тестілеу кезіндегі жоғары талаптар ма, әлде түлектер жоғары оқу орындарына түсуге дайын еместігі ме?

— Жоғары оқу орнында оқу үшін базалық білімнің жеткіліксіздігі де, мектептегі білім сапасының төмендігі де, барлығы себеп.

Мен ешқашан ҰБТ тапсырған емеспін, ал ұлым 2020 жылы тапсырды, және соңғы уақытта болған өзгерістерге қарағанда, тестілеу есте сақтау мен жаттауға емес, ойлау мен логикаға көбірек бағдарланған болды. Ал мектепте бұл оқытыла ма?

Екінші жағынан, адам ЖОО-да оқи алатындай ҰБТ-ның талаптары орынды. Және ол жоғары білім алуға дайын емес адамдарды сүзгіден өткізеді

— 50 мың адамның енді баратын жері жоқ. Енді оларды бір жерлерге әлеуметтендіру керек қой — орта білімімен алатын жұмыс ұсыну немесе бір жерге оқуды ұсыну. Әйтпесе, олар көшеге кезіп кетуі ғажап емес.

— Бұл балалар колледждерге бара алады. Айта кету керек, колледждерде жыл сайын ең танымал мамандықтар бойынша гранттар саны өсіп келеді.

Мен елде жоғары білімі бар адамдардың көп болуы қажет емес деп санайымын.

Бала мектеп бағдарламасын да меңгере алмай тұрса, ол университетте қалай оқиды?

Алайда, бұл балалар, кешегі мектеп оқушылары ертең қайда барады, бұл шынымен де үлкен мәселе. Бәлкім, оларды 9-сыныпта-ақ колледждерге түсуге бағыттау керек пе еді. Менің ойымша, 9-шы сыныпқа дейін үлгерімі төмен болған балалар қалған 2 жылда жинақталып, зеректігі артып, жақсы оқып кетеді дегенге сену қиын.

Сондай-ақ, қоғамда 9-сыныптан кейін колледжге тек үлгерімі мен тәртібі нашар оқушылар ғана түседі деген пікір бар, колледжге түсуді абырой санамайды.

Еуропада мынадай тәжірибе бар: балалар 5-сыныптың соңында емтихан тапсырады, сол бойынша оны әрі қарай қай бағытта оқыту керегін анықтайды. Бұл өте ақылға қонымды тәсіл.

Менің ойымша, қазір мемлекет ҰБТ-дан өтпей қалған балаларды әлеуметтік-экономикалық өмірге араластыру бойынша ақылға қонымды шешім қабылдауы керек.

Әрине, мемлекет бұл жағдайды талдап, түсіндіруі керек. Сонда осынша бала базалық білім ала алмағаны ма, және неге оларды алдын-ала орта-кәсіптік білім алуға бағыттамаған? Болмаса, шекті балл жинай алмаған осы 51 мың баланың арасында әлеуеті бар балалар болған шығар, бірақ олардың ашылуына мектеп мұрша бермеген шығар? Бәрін анықтау керек.

— Мұны пандемияда қашықтықта оқығанның салдары деуге бола ма?

— Солай деп болжауға болады. Орта мектепте бір жарым жыл онлайн оқу, әрине, оқушылардың біліміне нашар әсер етті. Бірақ қорытынды жасау үшін 2022 жылғы ҰБТ нәтижелерін өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстыру қажет.

Қатаң іріктеу критерийлері

Біз салыстырып көрдік.

2018 жылы түлектердің 14,8%-ы шекті балл жинай алмаған. 2019 жылы — 25,2%. 2020 жылы талапкерлердің 68% жинамады, яғни тестілеуден 32% оқушы құлаған. 2021 жылы — түлектердің 40% негізгі тестілеуден өтпеген.

— 2018 жылғы көрсеткіштермен айырмашылықты ҰБТ өткізу форматының өзгергендігімен түсіндіруге болады. Логикаға қатысты сұрақтар көп болды, сандарды, күндерді, көрсеткіштерді механикалық жаттау өткеннің еншісінде. Мектеп ҰБТ-ның жаңа форматына қайта бағытталды ма, мәселе осыда. Бәлкім бұл да бір себеп шығар. Мұғалімдер материалдарды ұсыну тұрғысынан бір сәтте өзгеріс енгізе алмайды,

деп атап өтті Самат Панов.

Бизнес-жаттықтырушының пікірінше, тестілеуден құлап қалған оқушылар санының өсуі соңғы бірнеше жылда тестілеудің қатаңдауымен байланысты.

— Бейнебақылау, тест тапсырмаларын орындаудың электрондық форматы пайда болды. Яғни, бұрын бір жерден көшіруге мүмкіндіктер болды. Қазір тестілеуге тыйым салынған заттарды алып өту бірнеше есе азайды. Демек, өз бетінше тестілеуді сәтті тапсыратындардың саны азайды.

Бірақ бұл жоғары білім алу құқығынсыз қалған талапкерлерді әлеуметтендіру мәселесін мемлекеттің кешенді шешу қажеттілігін жоймайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

32 минуты ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago