Білім

Оқушылардың 64% қазақ тілінде оқыған мәтінді түсінбейді – Рауан Кенжеханұлы

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы «Ақмешіт жастары» басылымына берген сұхбатта қазақ сыныптарында оқитын оқушылардың 64%-ы ана тілінде оқыған мәтінді түсінбейтінін мәлімдеді.

Айтуынша, қазір оқушылардың 75%-ы мектепті қазақ тілінде тәмамдап жатыр. Жоғарғы оқу орнында оқитын студенттердің төрттен үші қазақ тілінде білім алып жатыр. Алайда араларында қазақ тілінде еркін сөйлей алатын және сауатты жаза алатындары аз.

Қазір жалпы қазақша білемін дейтін адам көп. Бірақ, олардың басым көпшілігінің қазақша сауатты жазуға, қазақ тілінде мазмұн құрастыруға, қазақ тілінде маман ретінде еркін сөйлеуге қауқары жоқ,

дейді Кенжеханұлы.

Рауан Кенжеханұлы PISA деп аталатын тексеретін халықаралық зерттеу жүйесі арқылы мектеп оқушыларының білім сапасы тексерілгенін айтады. Соның нәтижесі бойынша халықаралық зерттеу жүйесі бар. Соның бір бағыты оқушылардың оқу сауатын өлшейді. Қазақ мектебіндегі оқушылардың 64%-ы өз тілінде, яғни, қазақ тілінде оқитын балалар, қазақ тілінде оқыған мәтінін түсінбейді, оқыған дүниесінің негізінде ой қорытып, не ауызша, не жазбаша жеткізе алмайды. Бұл – өте қауіпті құбылыс, дейді ол.

Сондықтан бізге дәл қазір өзге тілде сөйлейтін ортаны қазақ тіліне тартудан да маңыздысы – қазақ тілінде сөйлейтін ортаның сөйлеу және жазу мәдениетінің сапасын көтеру. Бізді мазалайтыны және ойландыратыны – қазіргі қазақ қоғамында өз тілінде шығармашылықпен, ғылыммен айналысатын, әдемі, еркін және сауатты сөйлейтін ортаның барған сайын тарылып бара жатқандығы. Менің ойымша, біз осыған мән беруіміз керек,

деп қорытындылады ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago