Categories: Дін

Оқушылардың қандай жағдайда ораза ұстауына болады: Нұрлан имам жауап берді

Қасиетті рамазан айы басталғалы бері «балаларға оразада ауыз бекітуге бола ма?» деген сауал қоғамда тартыс тудырып жатыр. Әлеуметтік желіде мектеп мұғалімдері ауыз бекіткен оқушылардың оқу үлгерімі төмендеп, өздерін әлсіз сезінетінін айтып шулады. Дәрігерлер жас ағзаның ашығуы мен зорығуы созылмалы дертке әкелуі мүмкін екенін айтты. Дін өкілдері де ораза ұстап, баланың денсаулығына зиян келтіруге болмайтынын мәлімдеді. Ал егер басқа қиындық тудырмаса, оны бұл әрекеті үшін жазалау дұрыс емес дейді. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Имамның сөзінше, оқушылар ең әуелі денсаулығына мән беруі керек. Сабақта ұйықтап, оның оқуына зияны тисе, онда ораза ұстамағаны жөн.

Балалар балаға қарап еліктеп, ораза ұстауы бұл қоғамның түпкі тәлім-тәрбиесіне келіп тіреледі. Ол да бір үлес. Бірақ ораза ұстаған балалар бір нәрсені аңғаруы керек. Денсаулығына қарауы керек. Жалпы оразаның негізгі шарты сол ғой, адамға зиян келмейтін адам ораза ұстауы керек. Оразада басы айналып құлап қалмауы керек, оның оқуына зияны тимеуі керек. Сабақта отырып, ұйықтап қалатындай болмау керек,

дейді имам.

Ал дәрігерлер егер бала күні бойы тамақ ішпесе, бұл оның өсуіне теріс әсерін тигізеді дейді. Сондықтан оразаны дене толық қалыптасқаннан кейін ұстауды ұсынады. Айтуларынша, 25 жастан асқаннан кейін ғана ауыз бекітуге болады.

Ұзақ уақыт тамақтанбау қандағы қант деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ол мидың ойлау процестеріне кері әсер етеді. Бұл баланың мектептегі үлгеріміне де әсер етеді. Сонымен қатар ұзақ уақыт су ішпеудің көптеген жағымсыз салдары бар. Одан бала әлсіреп, басы айналады,

деп атап өтті дәрігер Арман Әлібеков.

Шариғат бойынша дені сау адам ораза ұстауға міндетті. Ал балиғат жасына толмаған балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау шарт емес. Мұны дін өкілдері растайды. Айтуларынша, балиғатқа толмаған жас баланың ағзасында әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін. Сондықтан балаларды ораза ұстауға мәжбүрлеудің қажеті жоқ.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago