«Ой еркіндігі үшін»: Украина халқы Сахаров сыйлығын иеленді

Еуроодақтың адам құқықтары жөніндегі басты марапаты болып саналатын Андрей Сахаров атындағы «Ой еркіндігі үшін» сыйлығын Украина халқы алды. Бұл туралы Еуропарламент төрағасы Роберта Мецола мәлімдеді.

Бұған дейін премияға үміткер ретінде Украина халқы және президент Владимир Зеленский, WikiLeaks порталының негізін қалаушы Джулиан Ассанж және Колумбия ақиқат комиссиясы болған. Оның ішінде Украина халқын, Украина президенті Владимир Зеленскийді және Украина азаматтық қоғамының өкілдерін бұл сыйлыққа Еуропарламенттің бірнеше фракциясы ұсынды.

Сахаров сыйлығын Еуропарламент 1988 жылы мақұлдаған. Бұл марапат дүниежүзіндегі адам құқықтары үшін күреске ерекше үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Премия кеңестік құқық қорғаушы және диссидент Андрей Сахаровтың есімімен аталған.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago