Categories: Қоғам

Қой, құрсын. Қазақша мектепте кілең жемқор

«Қазақстанның бастауыш сынып оқушылары тек қазақ тілінде оқитын болыпты» деп, Ресейдің баспасөзі байбалам сала бастады. Иә, бұл орыс тілін ығыстыру мен ана тілге басымдықты ашық беру.

Бірақ, бірақ. Қоғамда түрлі пікір жүр. Бастауыш сыныптағы бұл өзгеріс тәуелсіз бүтін елдегі мемлекеттік тіл мәселесін түк те шешпейді-ау. Бүгінгі қойыртпақ қоғамда өскен қазақ баласы ертең бәрібір орысша үйреніп, орысша сөйлеп кетпейді деп кім айтты?

Балаңды қазақ мектебіне бер дейміз. Бірақ қазақ десең, өзіңе тиеді. Жемқорлық, сыбайластық, жағымпаздық пен екіжүзділік жүрген жерде ақшаның құлы бола алмайтын адал қазаққа орын жоқ болып кеткені жанға батады.

Қазақша оқытатын «крутой қазақ гимназиясына» беріп едім, бір кездері баламды. Сөйтсем, мұнда мұғалімді «майлауың» керек екен,

дейді желіде жазба қалдырған бір келіншек.

Ондайды түсінбейтін біздердің баламызды шетке ығыстырып, ол сыныптастарымен шекісіп, мен сынып жетекшісімен жаға жыртыстым. Әй-шай жоқ, үш қоя салады екен, 4 жыл бойы дайындықтан өткен, тіпті ағылшынша сөйлейтін балама. Баламды моральдық жағынан сындырды. Оның мектепке барғысы келмей қалды. Сабақтан қашуды шығарып, бір күні сырт киімсіз жұмысыма жетіп келгені бар.

Репетиторларым да түсінбейді, «мынау бар сабақты беске білетін бала ғой» деп. Мен сонша ақшаны мектеп мұғалімі балама үш қойып, сағын сындыруы үшін төлеген жоқпын. Мектепке барып, білім басқармасынан комиссия шақырамын деп шошытып көріп едім, күнімізді одан сайын қиындатып жіберді. Шындап қудалап, бізді арандата бастады.

Сөйтсем, жүйені білмеген екем. Бар-жоғы сынып жетекшісіне сый-сияпат беріп, мектеп басшылығына барынша жағыну керек екен. Бұл мектепте прокурордың балалары оқитынын білдім. Сосын қой, құрсын дедім. Мыналар не үйретпек балама? Сосын баламды қарапайым аралас мектептегі орыс сыныбына бере салдым. Несіне, не деп өкінуім керек? Балам ашылды, жүйкесі тыныш, сыныпта бәрімен дос болып жүр,

дейді жазба авторы.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

22 часа ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

22 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

22 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago