Пара ретінде қой ұсынған ақмолалықтың сыйын алмаған полиция қызметкерін Ішкі істер министрі медальмен марапаттады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен ішкі істер органдарының бірден үш қызметкері «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін»медальдармен марапатталды.
Олардың бірі Ақмола облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері Салтанат Жакенова. Қазан айының ортасында колониядан босап шыққан ер адам Салтанат Жакеноваға қоңырау шалып, оған бір қой мен ай сайын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыруды ұсынып, өзімен бірге тұратын әйелді пробациялық тексеруден босатуды сұраған. Осыған байланысты 37 жастағы ақмолалық тұрғын ұсталып, үстінен пара беруге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ елордалық учаскелік полиция инспекторы 32 жастағы Бақытжан Құлжанов пен Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы 37 жастағы Ризабек Сапанов та аталмыш медальмен марапатталды.
Айта кетейік, полицияның екі қызметкері де көп балалы әке. Олардың әрқайсысы отбасында 5 баладан тәрбиелеп отыр.
Бұдан бөлек, 21 қазанда елордадағы дүкендердің бірінің сатушысы 21 жасқа толмаған азаматқа алкоголь мен темекі сатқан. Ол әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Құлжановтың күртешесінің қалтасына 50 мың теңге салған. Дәл осы сәт полицейдің видеотіркегішіне түсіп қалады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ал 24 қазанда Атырау-Орал автожолында патрульдік полиция қызметкері Ризабек Сапанов Chevrolet Lacetti көлігін тоқтатады. Рульде Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматы отырған. Оның сақтандыру полисі болмаған. Көлік жүргізушісі инспекторға құжаттарын ұсынғанда өзін әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін сыйақы түрінде 500 рубльді қоса берген. Ақшаны беріп жатқан сәт Сапановтың видеотіркегішіне түсіп қалған. Ол дереу оқиға орнына Атырау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобын шақырады. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…