Categories: Қоғам

«Ойларына келгенін істеп отыр» — Серікзат Дүйсенғазы ұлы қаза болған демалыс орны туралы

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлы қаза болған демалыс орны туралы айтты. Ақынның сөзінше, оқиға Көкшетаудағы демалыс орындарының бірінде болған. 

2 қаңтар күні ашық тұрған талға соғылып, біздің баламыз қайтыс болды. 7 қаңтар күні мына суретте тұрған металл бағанға соғылып, di.nqz деген қарындасымыз омыртқасын сындырған. Қазір орнынан тұра алмай жатыр. Дәл сол күні тағы бір әйел адам бүйрегін жаралады деген ақпар бар. Біз білмейтін тағы да сондай оқиғалар болуы мүмкін,

дейді ақын.

Оның сөзінше, демалыс орнында жағдай жасалмаған. 

«Бұл демалыс орнында не дәрігер, не нұсқаушы жоқ. Не жарақаттанған адамды ауруханаға апаратын арнайы техникалары жоқ. Не өздерінде адамшылық, ар-иман, ұят деген жоқ. Баламыз өліп жатса келіп көңіл де айтпайды. Құлаған баланы бізге іздетіп қойып, бір жарым сағат тауға тығып тастағандары өз алдына. Біз кетерде «өлсеңдер өздеріңнің проблемаларың» дегендей бөлмелерінен шыққан да жоқ. Сондай имансыздық жайлаған жерге адамдар білмей барып жатыр. Олардан қорғайтын мемлекеттік орган біздің елде жоқ екен. Өйткені, кәсіпкерлерді тексеруге рұқсат жоқ. Сондықтан олар ойына келгенін істеп отыр. Бірнеше оқыс оқиғадан кейін жарты ай өтсе де ашық тұрған талдар мен металл бағандарды қоршау жұмысын жүргізетін ниеттері байқалмайды. Әлі күнге дейін бәрі сол қалпында тұр», — дейді Серікзат Дүйсенғазы. 

Еске салайық, 2 қаңтарда ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болған. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

14 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

15 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago