Categories: Оқиға

Ойын-сауық орталығында төрт жасар қызды тепкен Түркия азаматы ұсталды

Желіде Алматы облысында шетел азаматының ойын-сауық орталығында өтіп бара жатқан төрт жасар қызды теуіп жіберген видео тарады. Себепсіз бүлдіршінді тепкен Түркия азаматы анықталып, ұсталды.

Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов қызды тепкен ер адамның ұсталғаны туралы видеоны жариялады.

23 шілдеде Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне 27 жастағы әйел белгісіз біреу сауда-ойын-сауық орталығында төрт жасар қызына дене жарақатын салғанын айтып арызданған.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша аудандық ІІБ ТЖД-да тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 25 жастағы Түркия елінің азаматы анықталып, полицияға жеткізілді. Жауап алу кезінде күдікті болған жайт туралы айтып, өз кінәсін толық мойындады,

деді Әленов.

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция сараптама тағайындай отырып, барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago