Саясат

Ол қандай заң? Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік туралы Заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік туралы Заңға қол қойды.

Құжат Қазақстанның төрт кодексіне және он Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Атап айтқанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салынады.

Бұл қандай заң. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен заң дербес деректерді қорғауды күшейтуге және цифрлық майнинг жөніндегі қызметті реттеудегі құқықтық олқылықты жоюға бағытталған.

Заң қандай түзетулер енгізеді:

Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жинауға, өңдеуге тыйым салу.

Көшіп келушілерге ұлттық мүдделерді қорғау және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсыну міндеті енгізіледі;

Ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс қимыл бағдарламасын құру арқылы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тетіктері енгізілуде;

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын айыру, тоқтата тұру, қайта бастау рәсімі айқындалады;

Алаяқтық әрекеттерден қорғау мақсатында адамдарға электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығы беріледі.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago