Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының жарлығымен Олег Крук Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 1 желтоқсан,
деп жазылған Президент Жарлығында.
Олег Крук 1967 жылы туған, Павлодар индустриалдық институтын бітірген. Өнеркәсіптік жылу энергетикасы инженері біліктілігі бар. Павлодар облыстық мәслихатының VІ шақырылым депутаты болған.
Еңбек жолын Павлодар үшінші Жылу электр орталығында (ЖЭО) монтер болып бастады. Ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласының тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарында жұмыс істеді.
2007 жылы Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментін басқарған.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Осы лауазымда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, құрылыс және көліктік инфрақұрылым мәселелеріне жетекшілік етті.
Кейінгі жылдары «Казэнергокабель» акционерлік қоғамының бас директоры, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып жұмыс істеді.
Осыған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…