Оқиға

Қонаев тұрғыны күре жолда көкпар ұйымдастырған

Полицейлер республикалық маңызы бар тасжолда кешкі уақытта көкпар тартқан шабандоздарды анықтады.

Бұл туралы Алматы облысының полиция басшысы Бауыржан Әленов өзінің Іnstagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Айтуынша, осы жылдың 2 қыркүйегінде сағат 21:40-та Қонаев қаласында орналасқан «Береке» кафесінің жанындағы Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар автожолының бойында, бір топ адам көкпар ойының өткізгені туралы хабарлама түскен.

1979 жылы туған азамат, балаларының туған күніне орай, Қонаев қаласының шетінде «Көкпар» ұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып, оған басқа аудандардың спортшылары қатысқаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іс-шараның ұйымдастырушысы мен қатысушыларын Қонаев қалалық полиция басқармасына жеткізді. Барлық қатысушы ҚР ӘҚБтК-нің 434, 406, 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды,

деп жазды Бауыржан Әленов.

Сонымен қатар, көкпарды ұйымдастырушы бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago