Білім

Қонаевта ірі жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады

Ірі университеттерді Алматыдан Қонаевқа көшіру мәселесі туралы LS-ке Алматы облысының басқармасында ақпарат берді.

Редакцияның сұрауына жауап ретінде бірнеше ірі жоғары оқу орындарының Қонаевта бөлімшелер ашу ұсынылды. Бұл тізімде: Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті бар.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, университеттердің бірі қызығушылық танытты.

«Аграрлық университет қалада филиал ашуға ниет білдірді», — делінген жауапта.

Қажетті инфрақұрылым құрылысына келетін болсақ, ақша республикалық бюджеттен алынуы мүмкін. Атап айтқанда, олар ғимарат пен жатақхана салуға, сондай-ақ, университет филиалының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға жұмсалады.

Академқалашық аумағында бөлімшелер мен шетелдік жоғары оқу орындары пайда болуы мүмкін. Бұл мәселе сингапурлық CPG International Pte LTD компаниясымен бірлесіп қаралатын болады.

Бұл ретте 60 төсек-орынға арналған жатақханасы бар 1250 оқушы орындық техникалық колледж салу жоспарланған. Құны – 8 млрд теңге. Білім министрлігіне республикалық бюджеттен ақша бөлу туралы хат жолданды. Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 30 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта оқу корпусының, шеберханалардың және колледж жатақханасының эскизі әзірленуде.

Қалада академқалашықтарды құру үшін жол картасы жасалып, бекітілгені хабарланды. Мәселен, «Жаңа Іле» тұрғын алабында оны салу үшін 97 га, ал индустриялық аймақта 500 га бөлінген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

3 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago