Фото: ашық дереккөзден
TikTok ЮНИСЕФ-пен бірге онлайн мен офлайн өмірдің арасындағы тепе-теңдікті сақтау тақырыбына арналған #СандықӨркендеу кампаниясын іске қосады. Арнайы TikTok қауымдастығы үшін психология мен онлайн-қауіпсіздік саласының сарапшылары қолданушыларға арналған танымдық ұсыныстары бар бейнероликтер түсірді.
Сондай-ақ TikTok Қазақстанда қауымдастықты олардың қосымшада отыратын уақытын бақылауға шақыратын арнайы бейнероликтерді іске қосты.
Арнайы жоба үшін психология жөніндегі және онлайн-қауіпсіздік саласының жетекші сарапшылары қандай әдеттер сандық игіліктерді қолдауға және ата-аналар жеткіншекке интернет пен күнделікті өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға не көмектесетіні туралы іс жүзінде кеңес беретін танымдық бейнероликтер әзірледі.
Қазіргі заманда адамдардың күнделікті өмірінің көп қыры – жұмыс пен оқудан бастап шығармашылық пен қарым-қатынасқа дейін – онлайн-кеңістікпен байланыста өтеді. Сондықтан қолданушылар өмірінің қанша уақыты онлайн өтетінін бақылай алғандары керек.
TikTok қазақстандық танымал адамдардың көмегіне жүгінді. Ninety One (@ninetyone_official) мен Baur Karbon (@karbon.baur) тогптарының мүшелері қолданушыларға олар TikTok-қа кірген кезде күндіз қосымшада 80 минуттан астам, ал түнде 60 минуттан артық отыратын болса, үзіліс жасауға үндеп отырады. Яғни, бұл бейнероликтерTikTok-та бір сағаттан артық отырғандарға көрінеді.
Қосымша арқылы экран уақытын бақылауға болады, қажетсіз видеоларға шектеу қойылу мүмкіндігі қарастырылған.
Ата-аналар өз аккаунтын кәмелетке толмаған балаларының TikTok аккаунтына байлауға және баласының аккаунтында тиісті шектеулерді орнатуға мүмкіндік алады.
ЮНИСЕФ үшін балалардың менталды денсаулығы мен психикалық амандығын нығайту бағдарламалары бағдарламалық портфолиода негізгі орынды алады. Психикалық денсаулық мәселелерін шешуде басты кедергі болатын таптаурын көзқараспен күресу ЮНИСЕФ үшін жаһандық басымдылық болып табылады. Қазақстанда ЮНИСЕФ мемлекеттік органдар және мектептермен бірлесе отырып, мектеп психологтарының, медицина қызметкерлері мен психологиялық денсаулық сақтау саласы мамандарының құзіреттілігін арттыру мақсатында жұмыс істейді. Психикалық мәселелердің туындауына байланысты ерте бастан скринингтен өткізу және жасөспірімдермен уақтылы жұмыс істеу, үрей мен күйзеліс белгілері мен көмекке жүгіну үшін ойдағы кедергілерді азайтты. COVID-19 пандемиясы кезінде ЮНИСЕФ қазақстандықтарға онлайн режимде шұғыл психологиялық көмек көрсетті. Таяу арада әрбір қазақстандық жасөспірім үшін психологтан онлайн режимде қажетті көмек алу мүмкіндігі арнайы платформа іске қосылғаннан кейін қолжетімді болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…