Қоғам

Оралға апатты жағдайда қону. Түркияға ұшқан лайнердің бортында жасөспірім қайтыс болды

Қазан қаласынан түркиялық Антальяға ұшқан Turkish Airlines әуекомпаниясының TK 3995 рейсінде төтенше жағдай болды: 17 жастағы ресейлік қыз қайтыс болды. Ұшақ дереу бағытын өзгертіп, Қазақстанға қонды. Бұл туралы TourDom басылымына турагент (оның туристері осы бортта болған) хабарлаған.

Әуежайдың онлайн-таблосында, ұшақ Қазан қаласынан 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 12:44-те ұшып шыққан. Бір кезде жолаушылардың бірі, 17 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыздың жағдайы нашарлаған: ұстамасы басталып, жүрегі тоқтап қалған. Осы ұшақта болған екі дәрігер көмекке келген, қыздың жүрегін массаж жасап, жасанды дем беру әрекетін істеген, алайда қызды аман алып қалу мүмкін болмаған.

Түркиялық әуекомпанияның ұшағы Орал қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болған. Туристердің айтуынша, олар екі сағаттай жерде қажетті құжаттар әзірлегенін күткен.

16:30-да Boeing 737 Оралдан ұшып кетіп, Трабзон қаласына жанармай құю үшін тоқтаған. Ол жерде жолаушылар әуекемесінің экипажы алмасқанын тағы 2,5 сағат күткен. Антальяға туристер тек 00:20-да жеткен. Негізі ұшақ 17:20-да Түркия жеріне келіп қоюы керек болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago