Оқиға

Оралда басына кірпіш құлап мерт болған әйел туралы тың деректер айтылды

Жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатып, басына кірпіш құлап қайтыс болған елу жастағы әйел саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған.

Оралдық полицейлер қала тұрғынының өліміне кінәлілерді іздеп жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Педколледже сабақ беріп жүрген. Жүгіріп жүрген оқытушы, ауырған жоқ, жатқан жоқ. Басына кірпіш құлағанда сол жерде жан тапсырған деп естідік, жанымыз түршікті,

дейді марқұмның әріптесі.

Директордың орынбасары қызметін атқарған ол желтоқсан айында 50 жасқа толады екен.

Полиция оқиға тапа-тал түсте қаланың орталық көшесінде болғанын айтады. Төрт қабатты бірнеше үйдің жанынан жаяу жүргіншілер жолы өтеді екен. Бірақ Гүлнәр Нұрашева қаланың басқа шетінде тұрады. Бұл жерге жеке шаруасымен барған. Сол жерден өте бергенде шатырдан басынан кірпіш құлап түскен.

1960 жылдары салынып, ешқашан күрделі жөндеу көрмеген үйдің шатырында кірпіштер шашылып жатқан. Оны біреу әдейі лақтырды ма, әлде өздігінен құлады ма, оны полиция анықтайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago