Categories: Оқиға

Оралда оқушы өз қатарласын дұрыстап амандаспағаны үшін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірді. Оқиға куәгерлер марқұм болған жеткіншек оған дұрыстап амандаспағанын айтқан. Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол көтеріпті. 9-сынып оқушысы Дияр Досқали алған соққыларынан қайтыс болды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Марқұмның туысы Дияр Досқалидің айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырыпты. Осыдан кейін сөзбен тиісіп, қол көтерген. 

Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті, 

деді марқұмның туысы Дияс Досқали

Әңгіменің басы бізге келгенде неге «Ассалумағалейкүм» айтпадың дегендей сөзден басталған. «Қатты соққының даусы естілді» дейді. Содан жүрелеп отырып, сосын шалқасынан құлаған. Кінәлау қиын, бірақ жаңағы соққы жасаған баланың сондайы барын там-тұмдап естиміз, 

деді марқұмның туысы Махмұд Бекқұлов

Балаларды осылай қорлағандар жерге құлаған Диярдың есін жиғызуға тырысады. Бірақ мұны үлкендерге айтпаған. Осы қарбалас кезде Диярды ұрған жасөспірім қашып кетіпті. Ал ата-анасына хабарласқанда бәрі кеш болды дейді туыстары. 

Бетіне су құйғанда мұрнына су кетіп қалып, тұншығып қалды ма, дұрыс көмек бермеген басында. Жазалануы керек бәрі! 7-8 бала болған ғой. Бірақ жіберіп тұрған баланың өзі болмаған. Өзі қазір телефонын алмайды, ештеңе істемей отыр, 

деді марқұмның туысы Салтанат Абаева

Марқұмның туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Өйткені әлімжеттік көрсеткен оқушылардың бірі — бұрын күреспен айналысқан, ал енді бірі — студент. 

Полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды,

деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Лунара Аманғалиева.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago