FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы орындайтын КC7166 Орал — Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«11 шілде күні сағат 21:00-де орындалуы тиіс КC7166 Орал — Алматы рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктірілді. Рейс Орал қаласының жергілікті уақыты бойынша алдын ала 12 шілдеді сағат 09:20-да ұшады деп жоспарланып отыр», — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейс 2 сағаттан артық кешіктірілген кезде жолаушыларға сусындар, 5 минуттан аспайтын 2 телефон қоңырауын немесе 2 электрондық пошта хабарламасын жолдау мүмкіндігі ұсынылады.
Ал, 4 сағаттан артық кешіктірілгенде ыстық тамақ беріледі.
5 сағаттан аса кешіктірілгенде бір рет тегін әуе билеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…