Categories: Дін

«Орамал таққан қарындастарымыз мінезін тәрбиелеуі керек» — дінтанушы

Әлеуметтік желілерде танымалдығы артқан дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Қазақстандағы діни насихат, тоқал алу, араб сөздері, хиджаб пен қысқа балақ туралы пікірін білдірді.

– Біз ең еліктегіш, жалт-жұлт еткенге құмар халықпыз. Ағылшынша сөз білмесек те «окей» деп сөйлейміз, арабша білмесек те «Машалла» деп айтамыз. Неге қазақша Құдай қаласа деп айтпаймыз. Біз өзге мемлекеттерге құрметпен қарап, өзімізді басып келдік. Еліктеуді қоятын уақыт жетті деп ойлаймын, – деді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Байжігітұлы хиджаб мәселесі мен сақал қою, қысқа балақ турасында өз ойын айтты.

– Әжелеріміз өмір бойы орамал таққан. Бұл жаңалық емес. Бізде тек ерегіс, талас. Мен мектептегі қарындасқа орамал туралы сұрағанда «сабағың қалай?» деп сұраймын. Сабақты екі мен үшке әзер оқып, құрбыларыңды кәпір қыласың. Орамал арқылы Алла алдында көтерілем деп ойлайсың ба?! Сақал қойғандар, орамал таққандар таласар алдында үлгі болыңыздар. Орамал таққан қарындастарымыз мінезін тәрбиелеу керек дер едім. Қап-қара қылып, көзіне дейін жауып алып жүру дұрыс емес. Ол никаб деп аталады және дәстүрімізге келмейтін нәрсе, – деді дінтанушы.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago