Қоғам

Орамалдағы қыздар төсек қатынасы жайлы айтуды трендке айналдырды

Психологтың пікірінше, бұл үрдіс діни көзқараспен байланысты.

Психолог, интимтренер Айдана Сәкенқызы орамалдағы қыздар төсек қатынасын ашық талқылай бастағаны туралы және оған не түрткі болғанын отандық подкасттардың бірінде айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Психологтің сөзінше, хиджабтағы қыздар сексология туралы қазақ қоғамында ашық түрде алғаш айтып бастағандардың бірі.

Жамылған қыздар төсек-қатынасын, техникаларды, интим жаттығуларды айтып бастады. Себебі Құранның өзінде жазылған, еркек күнде де, түнде де разы болуы керек деп нақты айтылған.

Маман көзге шөп салу қайдан келетінін айтты.

Бізге осы кезге дейін қамыр жаю, өзіңді қалай ұстау, келіндік қызмет секілді нәрселерді үйретті. Сен инабатты, ибалы келінсің тағы басқа сөздерді санамызға құйды. Бізді ата-анамыз өсірген кезде айтпады ғой төсекте сүйт, бүйт деп. Тіпті ол тақырыппен ашық сөйлеспейміз. Қазақтың келіндері жалпы қыздары инабатты, ибалы болып келеді де, сосын тұрмыс құрғаннан кейін түнде не істеу керектігін білмейміз.

Күндізгі шаруаның барлығын біз күшті жасаймыз. Сәлемді керемет саламыз, қонақты күтіп аламыз. Бірақ түнге келген кезде сол халатпен орамалмен инабатты келін рөлінен шыға алмай қаламыз.

Сондықтан бізде көзге шөп салу көп. Әйел ешкіммен сөйлесе алмайды, ол жылайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago