Кенияның Малинди қаласында аштықтан көз жұмған 39 адамның мәйіті табылды. Оларды ауыз бекітуге жергілікті пастор итермелеген. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлайды.
Полиция аштан өлейін деп жатқан тағы 15 тұрғынды анықтаған. Кейін олардың 4-уі көз жұмды. Тұрғындар «Исамен кездесу үшін Пол Макензи есімді пастордың нұсқауы бойынша аш жүргенін» айтады.
Дін атын жамылған адам қамауға алынды. Ол өлген адамдарды шіркеу аумағына көме берген. Пастордың өзі қамауға алынғалы наразылық ретінде аштық жариялаған.
Адам құқығын қорғауға атсалысатын белсенді Халид Хусейн:
Біз адамдардың өзін-өзі өлтіруіне жол бермейміз. Әр шіркеу, мешіт, храм мен синагога ресми тіркелуі тиіс. Біз ведомствоаралық комиссияны мына үлкен аумақты қарап шығуға шақырамыз. Адамдардың мәйіті әлі де табылуы мүмкін…
14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…
Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…
Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…
Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…