Белгілі саясаткер Дос Көшімнің айтуынша, Абай облысындағы орман өртіне көрші мемлекеттің қатысы бар. 14 маусымда uaqyt.info тілшісіне берген сұқбатында сарапшы солай деген екен.
«Қарағайды Қытайға сатып жіберген, қылмысты жабу үшін орманға өрт әдейі қойылды деген әңгіме бар. Осыған қаншалықты сенесіз», деген сұраққа Дос Көшім былай дейді:
– 100 пайыз солай болды деп мен айта алмаймын. Қарағайларды сату мәселесі бұрыннан бар. Оны естіп те жүрміз, білеміз. Алайда орман өрті соған байланысты шықты дегенге өз басым сенбеймін. Менің болжамым бойынша, мұның барлығының артында Ресей тұр. Мәселен, былтыр Қостанайда болған өрт, биылғы өрт, қыста жылудың болмауының артында Ресейді қолдайтындардың тарапынан диверсиялық саботаждың әрекетін көремін. Олар өз қолымен көсемесе де, біздегі арам-пиғыл адамдардың қолымен осы апаттарды істетуі мүмкін. Өйткені мұндай жағдай тым көп қайталанып кетті, мемлекетке үлкен шығындар келіп жатыр. Менің ойымша, мұның артында Ресей тұр. Бұл ойымды мен барлық жерде ашық айтып жүрмін.
– Басшылықтың орны ауысқанымен, мәселе шешіледі деп ойлайсыз ба?
– Жаңадан қызметке келген адамдар қызметінен босаған басшылықпен бірге істеген, соның қарамағында жүрген адамдар болатын болса, онда ешнәрсе өзгермейтіні айдан анық. Өйткені оның жұмыс істеу тәсілі тура сондай. Демек, ол жерге жаңаша ойлайтын, басқаша шешім қабылдайтын адамдар керек. Егер сондай адамдар келсе, онда құба-құп. Онда Президент дұрыс қадам жасады. Өкінішке қарай, бізде Мамин кетті, оның орнына Смайылов келді. Ал Әлихан Смайылов Асқар Маминнің орынбасары ғой. Еш нәрсе өзгерген жоқ. Біздегі ең үлкен өкінішті мәселе осы. Сондықтан бір адамды орнынан алып, оның орнына басқа адамдарды қойып жатқандарына қарап, пәлендей өзгеріс бола қояды дегенге өз басым күмәнмен қараймын.
– Қызметінен кеткен шенеуніктер жауапқа тартылуы керек пе?
– Егер өрт сол адамдардың жіберген қателіктерінен туындаса, онда оларды міндетті түрде жауапқа тарту керек. Бірақ өмірде техногендік, табиғи апаттар деген болады. Қылмыстық істің қозғалғаны дұрыс. Өйткені адам шығыны болды. Дегенмен бір ғана адамды жауапқа тарту деген болмайды. Адами фактор ма, табиғи фактор ма, алдымен соған көз жеткізу керек.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…