Categories: Саясат

Ормандағы өрт: Қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапқа тартылады

Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған лауазым иелері қылмыстық жазаға тартылады. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай облысындағы ауқымды өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3 бөлігі бойынша іс қозғалды. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы аясында аталған істің тергелуі Бас прокуратураға жүктелді. Осы орайда құқық қорғау органдарының білікті тергеушілері мен жедел уәкілдерді жұмылдыра отырып, тиісті тергеу тобы құрылды. Қазір тергеу тобы Абай облысындағы апат аумағында жұмысын бастап кетті», — деді Ж. Өмірәлиев.

Оның айтуынша, аталған қылмыстық істі Бас прокурор өз бақылауына алды.

«Өрттің салдарын, қоршаған ортаға келтірілген залалды, 14 адамның өз қызметтік борышын өтеу барысында қаза болуын ескере отырып, тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Қызметіне салғырт қарау бабы бойынша өз қызметін тиісті деңгейде атқармаған, ауыр зардапқа жол берген барлық лауазым иелері қылмыстық жауапқа тартылады», — деді Бас прокуратура өкілі.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

18 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago