Қоғам

Ормандағы өрттен кейін тек басшылардың жалақысы көтерілді – депутат

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы орман шаруашылығында қызметкерлердің жалақысы небәрі 9 мың теңгеге өскенін айтты.

Бұл туралы EL.kz ақпарат агенттігі.

Семей орманындағы апаттан кейін 1 шілдеден бастап орманшылардың жалақысы көтеріледі делінді. Бірақ айналып келгенде Үкімет мүшелерінің сол кезде орманшыларға айтқан уәдесі өтірік болды. Ол артынша әшкере болды. Жазда орманшылармен кездескеннен кейін депутаттық сауал жолдадым. Сонда орман шаруашылығында жалақысы көтерілгендер тек басшылар, директорлар, орынбасарлары, инспекторлар мен инженерлер екенін белгілі болды,

деді мәжілісмен.

Депутаттың сөзінше, Семей орманындағы апаттaн қаза тапқан орман шаруашылығындағы өрт сөндірушілерге, көлік жүргізушілері, трактор жүргізушілерінің жалақысына бір тиын да қосылмағаны анықталды.

Сол кездегі депутаттық сауалыма Үкіметтен жауап келгенінде «олар штаттан тыс қызметкерлер, сондықтанда  2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 1,7 салалық коэффициентпен өседі. 2025 жылы 2-ге өседі» деген. Бұл коэффициент есебінде жақсы шығар бірақ, санға салсақ өте ұят. Былтыр орман шаруашылығындағы өрт сөндірушілер 64 349 теңге алып жүрген. Орман шаруашылығының азаматтарынан сұрасам, 1 қаңтардан бастап 9 мың теңге қосылғанын айтты. 80 мың теңгеге жетпейтін ақша аламыз деп отыр. 2025 жылы қосса 164 808 теңге болады екен, оның пайызын алып тастасақ, 135 мың теңге алады. Бұл орманшылардың жұмысын бағаламаудың, неқұрайлы қарау деп білемін. Бұл бір отбасын асырауға жеткілікті ме?

деді Нартай Аралбайұлы.

Депутаттың бұл сауалына Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбев көктемде штаттан тыс қызметкерлердің де жалақысын көтеретінін және ол бойынша есеп дайындап жатқанын жеткізді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago