Categories: Экономика

Орта табысты қазақстандық 1 млн долларды қанша жылда жинай алады

Сарапшылар есептеулер жүргізіп, тұрғындарына 1 миллион доллар жинау өзгелерге қарағанда қиындық тудырмайтын елдердің рейтингін жасады.

Ондаған жылдар бойы жұмыс істеген адамдар көбінесе қанша ақша тапқаны туралы ойламайды. Picodi.com талдаушылары әр түрлі елдердің тұрғындары орташа айлық жалақы алып жүріп қанша уақытта миллион доллар таба алатынын есептеді.

Рейтингке 102 ел енген. Швейцария бірінші орында – мемлпекет тұрғындары 14 жыл 3 айда миллион доллар жинай алады. Екінші орында Сингапур – ел азаматтарының 16 жыл 11 ай ішінде межелі соманы жинау мүмкіндігі бар. Ал Люксембург тұрғындарына бұдан сәл ұзағырақ жұмыс істеуі керек – 17 жыл 4 ай.

Қазақстан рейтингте 69-орынға жайғасты. Сарапшылар Қазақстанда орташа жалақыны ала отырып, 171 жыл ішінде миллион доллар жинақтауға болады деп есептеді. Айта кетейік, орташа жалақы ретінде 219 мың теңге сомасы алынған.

Сарапшылар азаматтардың «қолына» алатын орташа жалақысын, барлық салықтар мен жарналарды шегеру арқылы есептеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago