Categories: Экономика

Орташа айлық 300 мың. Бірақ ондай адамды итпен іздейсің

Кез келген өзін сыйлайтын ел айлықты орташа айлықпен санамайды.

Өткенде Серікжан Есенғосұлы ағамыз жазды. Түркияда ең аз айлық 217 000 теңге болды деп. Расында қарап тұрсақ кез келген өзін сыйлайтын ел жалақыны орташа айлықпен санамайды. Ең аз айлықпен қарайды. Логика бойынша ең аз айлық алған адам сол айлықпен кез келген қалада өмір сүре беру керек, деп жазды Қаржылық Сауат арнасы.

Бізді қарайықшы.

Орташа айлық 300 мыңнан көп. Бірақ сонша айлық алатын адамды итпен іздейсің.

Зейнетақы қорынан ақша шешерде адамдардың жартысынын жинаған ақшасынын 1 миллионға жетпейтіні анықталды. 7% адамдар ғана ақша шеше алды. Осы 7% адам мен 93% адам қосылып орташа айлықты шығарады. Оның үстіне миллионмен декретке, зейнетақы көп алу үшін қосымша ақша төлейтіндер бар. Олар да орташа айлықты көбейтеді.

Бізде ең аз жалақы 70 000 теңге. Осыған сүйене отырып орманшыларға 80 000 теңге жалақы төлейді. Астанада 2 балаң болса, пәтерің жоқ болса, әйелің жұмыс істемесе суға нан батырып жесең де 70 000 ға күн көре алмайсың.

70 000 дегені шынымен бәле болды.

Алименттен қашатындар да сонша айлық жаздырып қойып аз төлегісі келеді. Біздегі баға Түркиямен шамалас. Бензин арзан, транспорт арзан. Бірақ азық түлік, жеміс жидек, киім кешек, қымбаттау. Сол үшін біздегі ең аз айлық та Түркиямен шамалас болу керек.

Экономика мен қаржы министрлігінде көбінесе теоретиктер жұмыс жасайды.

Баға, экспорт пен импорттағы кедергілер, бәсекелестік, нарық дегенді кітаптан оқығаны болмаса шынайы өмірдегіні біле бермейді. Сол жерлерге осы нәрселерден хабары бар адамдарды да жұмыс жасатса болар еді. Ең болмаса аптада бір рет жасайтын жиналысына қатыстырып дегендей. Әйтпесе анандай айлықпен қалай күн көруге болатынын қалай түсінбейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago