Categories: Білім

«Орыс әдебиеті бөлек пән ретінде емес, әлем әдебиетінің бір тарауы ретінде оқытылуы тиіс» — саясаттанушы

Саясаттанушы Данат Жумин Қазақстан мектептерінде орыс әдебиетін оқыту әдістемесі ескірген деген пікір білдірді. Қазіргі оқу бағдарламасында орыс әдебиеті жеке пән ретінде емес, әлем әдебиетінің бір тарауы ретінде оқытылуы тиіс. Бұл туралы Жумин Facebook парақшасында жазды.

Қазақстандық мектептерде әлі күнге дейін «орыс әдебиеті» пәні бар. Мен орыс әдебиетіне қарсы емеспін, бірақ біздің балалар оны бөлек пән ретінде емес, әлем әдебиетінің бір бөлімі ретінде оқығаны дұрыс деп есептеймін,

деп жазды саясаттанушы.

Оның пікірінше, Қазақстан мектептерінде әлем әдебиетін оқуға негізсіз тым аз көңіл бөлінеді. Оған қоса, әлі күнге дейін кәсіпкерлік — ұят тірлік, ал кедей болу — жақсы деген сарындағы Кеңес одағының идеологиясын үгіттеп келеді.

Әдебиет адам бойында құндылықтарды тәрбиелейді. Әдебиет өскелең ұрпақтың санасына қандай құндылықтар құйып жатқанын түсіну маңызды. Міндетті және оқуға ұсынылатын туындылардың тізімін қайта қарап, біршама қазіргі заманға сай ету керек. Әлем классикасымен қатар, заманауи ақын-жазушылардың көрнекті туындыларын зерделеу орынды деп санаймын,

дейді Данат Жумин.

Саясаттанушы Оқу-ағарту министрі бұл мәселемен айналысып жүргеніне сенімін білдірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

14 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago