«Орысшаға қазақша жауап беру – мәдениетсіздік» – кәсіпкер

«Егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, ол ұлтшылдық, әрі төмен мәдениеттің белгісі», – депті отандық кәсіпкер Рамиль Мухоряпов.

Рамиль Қазақстандағы «ChocoFood», «Chocotravel.com» деп аталатын бизнестің иесі. Бизнесменнің қазақ тілінде жауап бергендерге қатысты айтқан пікірі көпшіліктің наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде тіл жанашырлары, журналистер мен сарапшылар кәсіпкердің компаниясы шығаратын өнімдерге бойкот жариялауға шақырды.  

«Президент кеше ғана қазақ тіліне қатысты саяси арандатушылықты қою керек деп ескерткен болатын. Ал, мына Мухоряповтың не ойлағаны бар?! Бұл Choco фуд, травел деп басталатын бизнестің иесі. Өнімдеріне бойкот жариялауға шақырамын. Аш қалмаймыз, өзге де қосымша жетеді.

Әлеуметтік желіде «Кешірім сұрауын талап етеміз!» деген  жазба көбейді.  Кешірім сұрағанын қайтесің?  Одан мүйіз шықпайды. Смартфондағы Chоco қосымшаларын өшіріп тастасаң. Мухоряповқа үлкен соққы болады.  Прокуратура, басқа да құзырлы органдар ұлтаралық араздық тудырғаны үшін тергеуі тиіс. Қазақтың суын ішіп, құдығына түкіретіндерге сабақ болсын!»,

деп жазды журналист Мақсат Толықбай.

Ал сарапшы Айбар Олжаев:

«Отандық кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың осы репликасы бар жағынан алғанда түсініспеушілік туғызып отыр. Себебі бүгін Мемлекет басшысының өзі қазақ тіліне қатысты саяси арандатушылықты қою керек деп ескерткен болатын. Рамиль Мухоряпов бұл тұрғыда көп нәрсені ушықтырып жіберген сияқты және оның арты бизнесі үшін жақсылықпен аяқталмайтыны көрініп тұр. Алғашқы реакция пайда бола бастады. Қазақтілді аудитория бизнесмен Рамиль Мухоряпов иелік ететін Choco бизнесіне бойкот жарияламақ ниетін білдірді. Оның өнімдеріне баламалар ұсыныла бастады»,

деді.

Еске салсақ, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен барғанда «Қазақ тілін пайдаланып, саяси ойындар жүргізудің қажеті жоқ. Осындай теріс түсініктер кейбір елдерді қасіретке ұшыратты. Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек» деген еді.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago