Categories: Қоғам

Қос азаматтық алған 138 адам елден шығарылды – ІІМ

Қазақстанда қос азаматтық алған 138 адам елден шығарылды. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек дәстүрлі брифинг барысында айтты.

Жыл сайын 20 мыңға жуық тілек білдіруші ел азаматтығын алу мәселесі бойынша жүгінеді.

Тәуелсіздік жылдары бір миллионнан астам адам Қазақстан азаматтығын алған. Өткен жылы – 22 мың адам, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлығымен – 1375, жеңілдетілген тәртіппен 20 мыңнан астам адам азаматтыққа қол жеткізді.

Оның ішінде 17,5 мыңнан астамы қандас (17 676), Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісім бойынша – 1287, тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы туралы Конвенция бойынша 1777 адам бар.

Ол атағандай, Қазақстан қос азаматтықты мойындамайды, сондықтан мұндай деректерді  анықтау бойынша жұмыс ерекше бақылауда тұр.

Заңнамада еліміздің азаматтығынан айырылған адам ҚР азаматының паспортын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны үшін, сондай-ақ заңнамада белгіленген хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қос азаматтығы бар фактіні жасырғаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу не ҚР шегінен шығару көзделген. Мәселен, өткен жылы қос азаматтығы үшін 841 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соттардың шешімдерімен 138 адам елден шығарылды, қалғандарына айыппұл салынды.

деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өкілдің айтуынша, соңғы бес жылда азаматтық туралы заңнаманы бұзған 3 515 адам жауапқа тартылды, оның 3 мыңнан астамына айыппұл салынды, 473-і елден шығарылды. Барлығының қазақстандық азаматтығы жойылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago