Қос азаматтықпен жүрген Риддер тұрғыны жауапқа тартылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қарашада көші-қон қызметінің қызметкерлері Риддер қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтаған.
Ол 2020 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы мәлімдемеген және сәйкесінше ҚР азаматтығын жоғалтуды уақтылы рәсімдеген,
деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Сот шешімі бойынша құқық бұзушы 200 АЕК айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жас жігіттен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айрылу рәсімделді.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 50-ден астам қос азаматтық фактісін анықтады,
деп жалғастырды Ринат Шкибаев.
Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген басқа азаматтығын алғаннан кейін адам күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…