Атақ және ақша

Қос зейнеткер қарттар үйінен қашып, бірнеше ай кемемен саяхаттаған

Туристердің айтуынша, бұл Аустралияда қарттар үйінде тұрудан гөрі әлдеқайда арзан екен.

Аустралиялық жұп жер әлемді шарлайтын круизге 51 бронь алып, саяхаттаған. Бір қызығы олар осылайша қарттар үйіне беретін қаражатын үнемдепті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Марти мен Джесс Ансендер бір жылдан аса уақыт Princess Cruises компаниясына тиесілі Coral Princess круиз лайнерімен әлемді шарлаған.

Сонымен қатар лайнерде тазалау жұмыстарын, тамақ істеу, ыдыс пен киім жуып жүрмейсің.

Аустралиялықтардың мұндай сапарға шығуына пандемия кезіндегі локдаун шабыттандырған. Барлық шектеулер алынған бетті, зейнеткерлер «әлемді көргісі» келіп, басқа да адамдармен танысып, достасқысы келген. Ансендер күнсайын кереметтей кеменің палубасында коктейл ішіп, бассейн маңында күнге қыздырынып, кешкі дискотекада би билейді.

Зейнеткерлер кемеде 455 күн болған — осылайша олар кейбір экипаж мүүшелерінен де кемеде көп болған. Ансендер круиз әлемінде танымал болды: басқа қонақтар аустралиялықтарды танып, қызметшілерден олар бортта ма деп сұрайтын көрінеді. Отбасылық жұп саяхатты тоқтатпақ емес: таяу уақытта олар басқа лайнермен тағы да жер әлемді шарлауға шықпақ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago