Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге үйді қалай салып жатыр? (Фото)

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын тексерді. Бұл туралы министрдің сайты хабарлады.

Әлихан Смайылов бірінші кезекте Әулиекөл ауылына барып, орман өрті салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арнап салынып жатқан жаңа үйлер құрылысын көрді.

Қазіргі уақытта арнайы бөлінген 12 гектар аумақта 91 үй салынып жатыр, әрқайсының ауданы – 100 шаршы метр. Үйлер маңайындағы жер учаскелеріне (10 сотықтан) барлық қажет инфрақұрылым – газ, су, электр энергиясы жүргізіледі. Үйлерге апарар жолдарға асфальт төселеді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, ҚазҚСҒЗИ жобалау институты тұрғынжайларды су басудың алдын алу мақсатында геологиялық ізденістер негізінде іргетастарды жерасты суларынан 2,5 м қашықтықта орнату бойынша жоба әзірледі.

7 қыркүйекте 13 мердігерлік ұйым құрылыс жұмыстарына кірісті. Бүгінгі таңда барлық үйге арнап қазаншұңқырлар қазылды, 55 учаскеде іргетас құйылып, екеуінде іргетас блоктарын орнату аяқталды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша алаңда орнатылған видеокамералар арқасында құрылыс барысы онлайн режимде бақыланып отыр,

делінген хабарламада.

Премьер-министрдің айтуынша, барлық қажет жұмысты жүргізу үшін үкімет 2,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлген.

Қазір әкімдік пен мердігерлер алдында құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде – 2 айда сапалы аяқтау міндеті тұр. Бұл мәселе мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында. Сондықтан тапсырмаға аса  жауапкершілікпен қарау керек,

деді Әлихан Смайылов мердігер компаниялардың өкілдеріне.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago