Қостанай облысындағы өрт. Қазіргі жағдай

ҚР ТЖМ жедел штабының мәліметінше, 3 қыркүйекте метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасы 36 градус, желдің екпіні 23 м/с дейін, өрт аумағы 9 400 гектардан асты (Әулиекөл ауданындағы орман алқабының жалпы ауданы 40 000 га). Аманқарағай, Новонежинка, Калинино, Лесное, Озерное елді мекендеріне қауіп төнді.

Озерное ауылынан 250 адам, Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен 1000 адам, Калинино ауылынан 228 адам, Лесное ауылынан 363 адам, жалпы 1841 адам эвакуацияланды.

3 қыркүйек, 16.00-ден бастап Озерное ауылының (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное ауылының (1 тұрғын үй), Аманқарағай ауылының (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар) тұрғын құрылыстарына, Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің көшуі тіркелді, нәтижесінде 108 құрылыс өрттен зақымданды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин түнгі баспасөз мәслихаты кезінде қазақстандықтарды Қостанай облысындағы жағдай тұрақты деп сендірді.

Жағдай бақылауда. Қазіргі уақытта өрт аумағы 9 мың гектардан асады. Таңертең тікұшақпен барлау жүргізіледі. Сондай-ақ, аэроғарыштық түсірілім өрттің көлемін анықтайды.

деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Оның айтуынша, жақын маңдағы елді мекендерден адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Бірде-бір адам зардап шеккен жоқ. Қостанайлық өрт сөндірушілерге көмекке Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан қосымша күштер мен құралдар келді. Қарағанды облысынан және Астанадан әріптестер де жұмылуға дайын отыр.

Жергілікті атқарушы органдар көшірілгендерді Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды, олардың барлығы тамақпен қамтамасыз етілді.

ТЖД жедел желісі ашылды 8 7142 50 36 24, психологтардың жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, көмекке мұқтаждар 112 және 101 телефондарына хабарласа алады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың, ТЖМ министрі Юрий Ильиннің және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы баяндамаларын тыңдады.

Барлық жұмылдырылған мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу және президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов жүзеге асырады. Олар мемлекет басшысына өрттерді оқшаулау, азаматтарды елді мекендерден эвакуациялау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жедел баяндайды.

Әлихан Смайылов тұрғын үйінен айырылған азаматтар үшін жаңа тұрғын үйлердің құрылысы бойынша жұмыстарды дереу бастауды тапсырды.

Құрылысты қысқа мерзімде аяқтау үшін жедел жұмыс істеуіміз керек. Бұл мәселе президенттің жеке бақылауында,

деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қостанай облысының зардап шеккен аудандарында көлік қатынасын қалпына келтіруді және барлық инженерлік және инфрақұрылымдық объектілердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт сөндіру шараларына басым назар аударуды тапсырды.

Үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу тапсырылды.

Бүгін белгілі болғандай, өрт сөнідурге Әскери-әуе күштері армия авиациясының Ми-171 тікұшақтары жұмылдырылды.

Өртті әуеден сөндіру үшін арнайы аспа жүйесі бар Ми-171 тікұшағы пайдаланылған. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, өрт сөндіру жүйесі бар Ми-17 тікұшақтарының тағы үшеуін бөлу жоспарланған.

Резервуарға үш мың литр су сыйады. Қазірдің өзінде 60 мың литрге жуық су төгілді. Жағдайды қою түтін қиындатып отыр,

деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.

Сонымен қатар, әуе шабуылы әскерлерінің жеке құрамы апат аймағына ауыстырылған. 200-ге жуық десантшы көмек көрсетеді.

Әскери авиация ұшқыштарының тәжірибесі мол, өйткені жауынгерлік дайындық бағдарламасына жету қиын аймақтардағы өртті сөндіру бойынша жаттығулар кіреді,

деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago