Қостанай облысындағы өрт – диверсия. Сарапшылардың ойы

Бұл — жаудың ісі! Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын болдырмау мақсатында жасалған – террорлық акт! Бұған Ресейдің арнаулы қызмет орындарының қатысы болуы мүмкін, деп жазды Ерлан Төлеутай. Журналист Михаил Козачков та өз ойын білдірді. Айтуынша, бес кенттегі жүздеген үйдің бір-ақ сәтте өртеніп кетуі кездейсоқ емес. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына келгенін қаламаған жандардың саяси ойыны болуы да мүмкін деген пікір қалдырды. Осы жайлы біз де толығырақ жазуды жөн көрдік.

Қазақтың ұлттығын сақтауда нақ Ахмет Байтұрсынұлындай қызмет еткен тұлға қазақ тарихында кемде-кем. Ахаң қазақ ұлтын сақтаудың ғылыми-теориялық негізін жасаған кемеңгер. Сол үшін де Ахаңды «Ұлт ұстазы» дейміз. Бір дүние анық – Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ұлттығының символы! Ал ішкі-сыртқы дұшпандардың қазаққа қарсы жүзеге асырып жатқан қасақы әрекеттерінің ішінде ұлттық символдарды дәріптеуді болдырмаумен күресетін арнайы күштер бар. Бұл – солардың әрекеті! Осы мақсатта ішкі, сыртқы жау күштер әртүрлі тәсілдермен қазақтың ұлттық санасының оянуына қарсы бағытталған барлық деңгейде майдандар ашуда. Мұнымен бел шешіп күресуге біздің билік дәрменсіз. Қайта көп жағдайда билік сыртқы күштердің сойылын соғып кетуде. Мұны халық көріп отыр. Осыны көріп, Ақ Орда ішінде жансыздар өріп жүр ме дейміз.

Кейінгі кезде Ел Тәуелсіздігіне, мемлекетіміздің тұтастығына қарсы сырттан да, іштен де неше түрлі мәлімдемелер айтылуда. Бірақ олар көп жағдайда жазасыз құтылуда. Ал мына Әулиекөлге жан-жағынан өрт қойғандар тез арада ұсталып, қатаң жазасын алуы керек. Әйтпесе, бұл диверсия еліміздің басқа өңірлерінде де жалғаса бермек,

деді Ерлан Төлеутай.

Журналист Михаил Козачков та Telegram арнасында Қостанай облысында басылмай жатқан өрттің қайдан шығуы туралы өз мәлімдемесін жасады.

Оның айтуынша, өрт әдейі жасалынған қастандық болуы мүмкін дейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына келгенін қаламаған жандардың саяси ойыны болуы да мүмкін деген пікір қалдырды.

Алдымен үш, кейін сегіз өрт ошағының бар екені хабарланды. Аймақта жылу бар, жаз ыстық болды. Алайда шілде мен тамыз айларында да мұндай жағдай болған жоқ. Сонда Президент өз мәлімдемесін жасағаннан кейін қостанайлық кәуапшылар дереу демалыс орнына барып, от жағып, оны сөндіруді ұмытып кеткен бе? Қызық…

Бұл жай ғана нұсқа екені түсінікті. 30 тамызда Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Президенттің Қостанай облысына, оның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойын атап өтуге қатысуды жоспарлап отырғанын ресми түрде мәлімдеді. Барлығына алдын-ала хабарланды. 1 қыркүйекте президент Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйлеп, онда Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлануы туралы мәлімдеді, яғни іс жүзінде сайлау науқанын бастауды тапсырды. Ол қай жерде басталады? Әрине, Қостанай облысында, Ахмет Байтұрсыновтың туған жерінде. Онда дайындық белсенді жүргізіліп, киіз үйлер тігіліп, тікұшақ алаңдары асфальтталды.

Жергілікті ақсақалдар да дайындалып жатқан шығар. Олар Тоқаевтан сайлауға өз кандидатурасын ұсынуды өтінер еді. Бірақ, бірнеше күн бұрын Қостанай облысында өрт шықты, орман алқаптарын жалын шарпып кетті. ШҚО-да қорық аймақтарында осындай жағдай орын алып тұратын, бірақ бұл жолы бәрі басқаша. Бес кенттегі жүздеген үйдің бір-ақ сәтте өртеніп кететіндей жағдай бұрын-соңды болмаған.

Байтұрсыновтың мерейтойы тоқтатылды. Тоқаев арнайы орман операциясының қалай ұйымдастырылғанын зерттеуді жоспарлап отыр. Сондықтан, егер диверсанттардың қитұрқы әрекеттерінен өрт шықса, олар қажетті нәтижеге қол жеткізіп, Президенттің жоспарларына араласа алды деген сөз. 5 қаңтардан кейін оның жаулары көбейді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов бүкіл өмірін елорда дәліздерінде өткізді, АП басшысы Мұрат Нұртілеу негізінен шетелде жұмыс істеді, тіпті ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев өзінің көп жылғы мансабын президентті қорғауға арнады, тіпті оның «Елбасының 3-ші дәрежелі қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін» медалі бар.

Бұлардың ешқайсысы Қостанайда болған жоқ. Олар тек жақсы жаңалықтарға, әкім сайлау, мектеп ашу шараларына қатысады. Қазірдің өзінде Қостанайда 43 мың гектар жер жанып жатыр, бірақ аймақта тек Төтенше жағдай министрі ғана бар. Қалғандары тек баяндама тыңдаумен шектеледі. Сондықтан мұндай жағдайда арам ойлылардың қастандық жасауы әбден мүмкін,  

дейді журналист.

Қоғам белсенділері Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрт қоюды ұйымдастырған диверсиялық топтың жазалануын талап етіп отыр. Үкіметтен жауап күтетіндерін де мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

22 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

23 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago