Categories: БілімҚоғам

Қостанайда мектеп пен ауруханалардың жері сатылып кетті

Кейбір нысандар аумағындағы жер учаскелері жеке меншікте болып шықты – мұның заңдылығы сарапшылар арасында күмән туғызуда.

Белгілі қоғам қайраткері Кирилл Павлов «Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры» телеграм-каналына сілтеме жасай отырып, былай деп жазады:

«Қостанайда мектептер мен ауруханалардың жері дүкендер, дәріханалар, тіпті ТК үшін де бөлінген. Жақында №8 ом, №14 жбп, №1 мг және Қостанай облыстық балалар ауруханасы аумағындағы бірнеше учаске заңды және жеке тұлғалардың меншігінде екені анықталды».

«Сыбайлас жемқорлықты тергеу қорының» мәліметінше, «Быковский көшесіндегі Қостанай облыстық балалар ауруханасының 0,312 гектар жері екі көп пәтерлі бес қабатты тұрғын үй мен гараждарға қызмет көрсетуге арналған, және бірқатар жеке тұлғалардың, болжам бойынша пәтер иелерінің, ортақ үлестік меншігінде.

Аумағы 0,0556 га дайын дәрілік формалар дәріханасының ғимаратына қызмет көрсету учаскесі «Магнит Удачи» ЖШС жеке меншігінде. Компания жеке жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқарумен айналысады және тұрақты түрде Қостанай қаласының №3 емханасымен бірдей келісім-шарттар жасайды.

 «Магнит Удачи» ЖШС құрылтайшысы Ирина Бурдыко есімді азаматша болып табылады.  Бұған қоса атауы ұқсас «Магнит Удачи-1» ЖШС бар, және қызмет түрі де, тіркелген мекен-жайы да дәл біріншісімен сәйкес. «Магнит Удачи-1» ЖШС құрылтайшысы – Анна Слабунова.  Екі компанияның да басшысы – Алексей Снегуренко.

Тұрғын үй кешеніне қызмет көрсетуге арналған 0,1624 гектар жер телімі кәсіпкер Адель Нысановқа тиесілі.  Ашық дереккөздерден Адель Нысановтың педагогика ғылымдарының кандидаты, астаналық «NT-GROUP LTD» ЖШС (газет, журнал және кеңсе тауарларының бөлшек саудасы), жергілікті «Bitrix» ЖШС (тауарлардың кең ассортиментінің көтерме саудасы), сондай-ақ National Center Abilympics Qazaqstan қоғамдық қорларының және «Синергия» Ғылыми-білім беру қорының иесі екені белгілі болды.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago