Categories: Оқиға

Қостанайда үш жасар қызды ит талап тастады

Қостанай облысында қабаған ит үш жасар қызды талап, бет-аузының сау-тамтығын қалдырмаған.

Алау порталының жазуынша, оқиға 6 мамырда Тобыл қаласында болған. Үш жасар сәбиге питбуль иті тарпа бас салып, бетін жұлып алған.

Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен.

Қыз бала ауруханаға ауыр халде, шок жағдайынада жеткізілді. Ерні, бет-аузы жыртылған. Шұғыл түрде ота жасалды. Жараларын тіктік. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Жүгіріп, өздігінен тамақтанып жүр. Тіккен жерлерін дақылап отырмыз. Қабыну болған жоқ. Әдетте, ит тістегеннен кейін жара орны іріңдеп кетеді, әсіресе бет аумағында қауіп көп, себебі инфекция миға шауып кетуі мүмкін. Қазір балада бәрі жақсы. Дене қызуы жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді алып тастаймыз. Сосын ауруханадан шығарылады,

деді Игорь Белобржицкий.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago