Қоғам

Отандық ипотека әлемдегі ең қымбат ипотека легінде

Әлеуметтік саясаты әлсіз елде ипотека осылай қымбат болады. Бүгін Алматыда хостел жағалағандардың 13-і қайтыс болды. Өкінішке қарай, олардың ішінде шет елден келіп білім алушылар бар.

Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан анти-көшбасшылардың ондығына кіреді.

Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың қорытындысына қарағанда, Қазақстанда тұратын бір адамға (тұрғын үймен қамтамасыз ету) 23,4 шаршы метрден келеді.

Көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда, небәрі 0,9%-ға артық. Бұл мән БҰҰ стандарттарынан (30 шаршы м.) айтарлықтай төмен. 

Қараңыздар, көрші Ресейде тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі (бір адам) қазірдің өзінде 28 шаршы метрден асады. Ұлыбританияда – 35 ш. м, Францияда және тіпті халқы тығыз қоныстанған Жапонияда – 39 шаршы метр. Германияда  – 46 ш.м. м, АҚШ-та – 68 ш. м, ал Австралияда – 89 ш. м.

Біздің елімізде баспана да, ипотека да өте қымбат.

Қолында қаржысы жоқ жұрт ипотекалық несие алмағанда не істейді?

Алматы мен Астанада, облыс орталықтарында қаншама тұрғын үй салынып жатыр. Бірақ баға төмен түспейді.

Қайбір жылы Алматының шаршы метр құны Лондонмен деңгейлес тұрған. Әлі де сол межеден түскен жоқ.

Мысалы, Әл-Фараби бойындағы пәтерлердің шаршы метрі 500-100000 теңге аралығында. Бұған енді қарапайым халықтың қолы жете ме? Сондықтан қымбат болса да ипотека тұрғын үй саясатының құрамдас бөлігіне айналуда.

«Отбасы» банкінен басқа елдегі 21банктің 12-сі ипотекалық өнімдерді ұсынуға дайын. Осы айда «кәдімгі» ипотека бойынша, яғни банктік серіктестік немесе жеңілдігі бар мемлекеттік бағдарламалардан тыс несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15%-дан 26,5%-ға дейін ауытқиды.

Сарапшылар «бұл ең төменгі көрсеткіш, жиынтығы бұдан да қымбат болуы ықтимал», – деп хабарлайды TengeLife

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago