Руханият

Отандық комедия — Голливуд пен Болливуд шаблондарының әлсіз көшірмесі

Биыл шамамен 60-қа жуық отандық коммерциялық фильм жарыққа шықты. Қазір комедия емес, терең философиялық мәні бар фильмдер халықтың сұранысына ие. Соңғы уақытта шыққан «Дос-Мұқасан» мен «Міржақып. Оян қазақ!» соның дәлелі.

Қазір кинотеатрларда 7 отандық фильм көрсетіліп жатыр. Олардың ішінде терең мазмұнды, тарих пен әдебиетке сабақтасқан, ұлттық құндылықты насихаттайтын бірі де жоқ.

Кейбір әуесқой режиссерлер мен пайда көздеген продюсерлердің арасында кино түсіру өнерін бизнес көзіне айналдырғандары да жетерлік. Алайда көрермен назарына ұсынылып жатқан комедиялық фильмдердің сапасы мен талғам қалыптастырудағы ықпалының жөні бір бөлек. Бұл туралы Отандық кинотанушылар мен киносыншылардан сұрап біліпті, Айқын порталы.

Кез келген фильм идеологиялық жүктемені көтереді. Себебі авторлар фильм арқылы әрқашан өз идеяларын, мәдени ерекшеліктерін, дүниетанымын, құндылықтарын бейнелейді. Өкінішке қарай, біздің коммерциялық фильмдеріміз жанрлық әртүрлілікке ие емес. Бүгінде коммерциялық қазақ фильмінің бет-бейнесі — комедия. Онда да өте үстірт, дөрекі комедия. Кейде біздің комедияларымызда қызықты тақырыптар еленіп, ескерілмейді. Яғни, авторлар кино мазмұнын қалай толық ашуға болатынын білмейді.

Қазір коммерциялық фильмдеріміздің басым бөлігі комедиялық жанрда ғана түсірілуде. Олар Голливуд пен Болливудтың әбден жауыр болған сюжеттеріне құрылған таптаурын шаблондарының әлсіз көшірмесі ғана. Жоғарыда айтқанымыздай, коммерциялық фильмдердің сапасы әзірге әлсіз.

Оған себеп – біріншіден, тәжірибесіз режиссерлердің көптігі. Кино түсіру үшін киноның әліппесін оқып, киноның тілін түсіну керек. Кино сапасы — негізгі ой мен оның көрермен назарына ұсынылу шеберлігімен ұштасуында. Екіншіден, бізде ұлттық идентификацияның жоқтығы байқалады. «Менің атым Қожа», Тақиялы періште» фильмдерін көргенде қазақ даласының иісі аңқып тұрады. Ал қазіргі комедиялық фильмдерде ұлттық болмысымызды дәріптеп, құндылықтарымызды қалыптастыратын белгілі бір археотип жоқ. Қазіргі қазақ комедиялары тек қазақ актерлерімен ғана таныс. Сюжеті Голливуд пен Болливудтікіне ұқсап кеткені соншалық, қай елдің киносы екенін ажырату қиын. Бұл да коммерциялық фильмдеріміздің әлсіз тұсы.

Комедия бағытындағы коммерциялық фильмдер түсіруде продюсерлер мен режиссерлер тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылғанын жоққа шығара алмаймыз. Мұнда бір мәселе бар.

Олардың сапасы мен көркемдік деңгейі туралы халықтың өзі де баға беріп жүр. Арзан сапада түсірілген фильмдерден көрермен шаршайды. Оларға әр түрлі тақырыптағы фильм қызығырақ. Қазір тек комедия емес, терең философиялық мәні бар фильмдер халықтың сұранысына ие,

Ержан Жұмабеков, кинотанушы.

Коммерциялық фильмдердің сапасы туралы айтар болсам, олардың визуалдық, дыбыстық шешім жағы бұрынғыдан әлдеқайда жақсы дамыған. Алайда фильмдердің бұл жағы жақсарғанымен, мазмұндық жағы әлі де ақсап тұр.

коллаж globalnews.kz

Байқасақ, жарыққа шыққан комедия жанрындағы кинолар мазмұндас келеді. Олардың техникалық сапасы жақсы болса да, халық оны контент деп қабылдайды, себебі ол көрермен жадында сақталмайтын дүние,

Баубек Нөгербек, кинотанушы, Қазақ киносыншылар одағының мүшесі.

Коммерциялық фильмдер мазмұнының қайталануы 2016 жылы жарыққа шыққан «16 қыз» фильмінен кейін жалғаса бастады. Коммерциялық фильмдердің негізгі идеологиясын нақты айту мүмкін емес. Өйткені кино түсірушілер идеологияға бас қатырғаннан гөрі көбірек табыс табуды ғана көздейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago