Америкалық және еуропалық галереяларда пайда болған 3D-саяхаттар елімізге де келді.
Қазақстанда 3D-турлар немесе виртуалды саяхаттар тек мәдени нысандарда ғана емес, сән салондарында, медициналық орталықтарда, фитнес-клубтарда, кафелер мен мейрамханаларда бар.
Панораманың қарапайым суреттен айырмашылығы сол, оны айналдырып, өз айналаңдағы заттарды көруге болады. Сондай-ақ, виртуалды турды жапсырмалар (кіріктірілген сілтемелер, бейнелер, фотосуреттер, аудио және мәтін) арқылы интерактивті етуге болады.
Ұлттық, әскери-тарихи музейлердің, «Алжир» музей-мемориалды кешенінің, «Бәйтерек» монументінің. «Астана Опера» театрының және басқа да мекендердің 3D-турлары өз қонақтарына естен кетпес әдемі әсер сыйлайды.
Қазақстан бойынша мешіттер мен шіркеулерді онлайн аралауға мүмкіндік бар. Мысалы, Әулие Вознесендік собордың ішін VR-шлем арқылы көруге болады, ол тіпті келушілер кіруге болмайтын жерлерге де сізді ертіп апарады.
Әбілхан Қастеев атындағы музейдің туры – өз алдына бөлек әңгіме.
«3D-мұрағат әлемдік музей тренді. Біз осы ағынмен бір толқында болуға ұмтыламыз», — дейді Әбілхан Қастеев атындағы музей директорының орынбасары Нұржан Сатыбалды.
-Музейге келген адамдар осы әдіс арқылы суреттер мен мүсіндерді көре алады. Сондай-ақ қызметкерлердің өздері үшін де ыңғайлы. Бізде 25 мыңнан аса экспонат бар, олардың бәрін музейдің қызметкерлері жатқа біле бермейді. Ал 3D арқылы сақтау бөліміне жүгінбей-ақ экспонаттың өзін артық мазаламай-ақ қызықтырған жұмысты оңай табуға болады.
NFT
Картинаның электронды көшірмесін алғаш рет Британия музейі шығарды. Уффици галереясында «Дони Мадоннаның» бірегей сан түрін €140 мыңға сатты. Эрмитажда да картиналардың электронды көшірмелері сатылымға қойылды.
Қазақстанда NFT суретшілер бар. Urpaq.NFT жобасы ел ішіндегі шығармашылық мамандық өкілдерін біріктіріп, олардың жұмыстарынан сандық токендер жасайды. Кейін оларды сатады.
Өткен жылы NFT-коллекциясының шыққанын Kazakh funny games атауымен суретші Сәуле Дүйсенбина таныстырды. Қазақстандық блокчейн-технология ассоциациясының қатысуымен Kazakhstan NFT Collection құрылды.
Музейде жүздеген, тіпті мыңдаған экспонат бар. Қазақстандық музейлердің көбінде интерактивті карталар, электронды кітапханалар мен карточкалар болады.
Экспонаттар туралы ақпараттарды цифрландырып, оларды бір орынға жинау бір жұмыс болса, керек затты мұрағаттан дәл табу навигация мәселесі болып саналады. Әлемнің ірі галереяларында сенсорлы терминалдар мен мультимедиялық экрандар бар, залға QR-коды мен iBeacon белгісі бар кестелер қойылған.
Мысалы, Нью-Йоркте орналасқан Cooper Hewitt ұлттық дизайн музейінде электронды қаламсап шығарылған, ол келушілерге музейдің қай жеріне барғаны туралы ақпарат беріп отырады.
Ал Орталық Азиядағы ең ірі музей Қазақстан Республикасының ұлттық музейінде навигация үшін сенсорлы киоскілер мен үш тілде сөйлейтін мультимедиялық гид қызмет етеді.
«Дәстүрлі музейдің құжат өзге ұйымдарға қарағанда айналымы күрделі, экспонаттарды есепке алып, сақтауға қою, акт толтырып, инвентарлық кітаптарға жазу жұмыстары жасалады. Жалпы айтқанда бір музей бірлігі үшін алты құжат керек. Автоматтандырылған сандық жүйе карточкаларды бір терезеге біріктіреді. Осылайша экспонат іздеу ыңғайлы бола түседі», — дейді Нұржан Сатыбалды.
2013 жылы Фэрфилд университеті зерттеу жүргізіп, өнер туындысын суретке түсіргенде, есте сақтау қиын болатынын дәлелдеген. Экспонатты көру үшін технология қолданатын болса, есте сақтаудың екі есеге жақсаратыны анықталды. Технология эмоциямызға, есте сақтау қабілетіне әсер етеді.
2015 жылы ашылған ҚР ұлттық музейі әлемдік стандарттарға сай жабдықталған. Еліміздегі Lumiere-Hall мультимедиялық музейіндегі құрылғылар да әр заманның атмосферасына оңай бойлауға көмектеседі.
Атырауда орналасқан «Ембімұнайгаз» мұнай компаниясының музейі еліміздегі жалғыз интерактивті музей болын саналады, алайда ол қазір жабық тұр. Жабық болуының себебі – құралдардың жетіспеушілігі.
Басқа салалар сияқты музей саласы да бір орында тұрмайды. Жақында арнайы қосымша арқылы эскпонат туралы толық ақпарат беретін технология іске қосылмақ.
Қазіргі таңда музейге келушілердің мақсаты өзгерген. Адамдар өздері үшін тың жаңалық ашып қана қоймай, жаңа әсерге ие болу үшін де музей есігін ашады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…