Маңызды

Отбасының бұзылғанына жезөкшенің түк кінәсі жоқ

Нәпсіңе ие бола алмаған, әйеліңе тоятың қанбай жезөкшеге барған, бала-шағаңа, әйеліңе қимаған ақшаны жезөкшелерге шашқан, жезөкше еркекке айналған өзің ғана кінәлісің!

Еркектік қуатың асып, ақшаң тасып бара жатса, жетім-жесірді жарылқа, қайырымдылықпен айналыс, тіпті, некелеп екінші әйел ал да, жағдайын жасап, бала туғыз.

Әр қатынның етегіне жабысып, жезөкшелерге жем болып, сифилис боп, отбасыңның ойранын шығарып жүрген өзің ғана! Басқа ешкім емес!

Айтпақшы, бүгінде бай әйелдерге де, бай еркектерге де ақшаға интим қызмет көрсететін жезөкше, гей еркектер де көбейген,

деп күйінді Сәуле Әбілдаханқызы.

Бір нәрсені түсінген дұрыс. Осындай нешетүрлі жиіркенішті нәрселерден бастап, хиджап, никабқа оранған қыздардың түнгі клубта, притонда жүргені, жексұрын шайтани билері, бахабиттік, сақалиттік уағыздар, Құдайға, Пайғамбарға тіл тигізу, тіпті, айнұрлардың миллион теңгелік кеңестеріне дейін — бәрі де исламды жексұрын ету үшін еврейлердің, иудистердің, христиандардың (католигі бар, протестанты бар, православы бар, басқасы бар) әртүрлі саяси алпауыттардың т.с.с. исламның дұшпандарының ойлап тапқан жобалары.

Сатыбалды, Бекболат, Балғынбек сияқтылардың бәрі де сол проектілердің жемістері.

Бүгінде тәңіршілер мен мұсылмандарды қарсы қойып, бір-бірімен жауластырып, алауыздықты қоздырып, бірлігі мен берекесін кетіру — дұшпан көздеген ірі мақсаттардың бір тармағы.

Нағыз исламға бір елі жақындамайтын әлі талай жиіркенішті сұмдықтарды көре беретін боламыз. Адамды исламнан бездіру тәсілдері дейді мұны. Безіп жатқандар да аз емес. Бұндай нәрселердің (жобалардың) артында миллиардтаған қаржы тұр. Бұл идея ислам пайда болғалы қатар жасап келе жатыр, тек заманға қарай формасы мен мазмұны өзгеріп отырған.

Қазақтың діндарлығы, имандылығы, Құдайды тануы, бұ дүние мен о дүние туралы дүниетанымы, философиясы Яссауи, Абай, Шәкәрімдердің философиясымен бірдей. Құдайды іздеп, Алланың дидарына ғашық болғысы келген, дін танығысы келген қазаққа одан артық ештеңе керек емес еді негізі.

Сауатсыз надандар, бір-бірін жетектеген соқырлар сияқты, беталды лағып кетті. Жетектескен күйі жардың шетіне жақындап қалды. Оларды осы күйге түсірген нәннің билігі екені анық.

«У-ды у қайтарады», бұл надандық дертінен қазақты есі дұрыс, сауатты, елді ойлаған билік қана қайтара алады. Ондай пешенемізге бұйырған болса, әрине, бұйырмаған болса, осы кеткеніміз кеткен, бұдан да сорақысы алда!

деп қорытындылады журналист.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago