Бақыт Сұлтановтың сауда министрі қызметінен босатылуы президенттің министрлер кабинеті мүшелері тиімділігі туралы пікірі қоғам пікірімен сай келген кезде болды. Бұл — сирек кездесетін жағдай.
ALEM RESEARCH аналитика компаниясы дерегі бойынша, Бақыт Сұлтанов отставкаға кетерінен 29 күнтізбелік күн бұрын БАҚ пен әлеуметтік желілерде өзінің аты аталғандардың іішнен төрттен бірінен сәл аз негатив жинаған. Мұндай теріс нәтиже кейде 20-25% болады, бірақ ол жоғары лауазымды адамдарда кездеседі. Дегенмен негатив реңктегі мыңдаған материал, пост пен комментариді өзінше бір рекорд деуге келеді. Министрлердің орташа реакорды әдетте 100-200 болады.
ALEM RESEARCH аналитиктері Бақыт Сұлтанов айналасындағы ақпараттық фонындағы аномалды алғашқы негатив құбылысы шілде айының ортасында байқалғанын айтады. Бұл кезде Сұлтанов президенттен азық-түлік инфляциясының өсу қарқынын бәсеңдетпегені үшін сөгіс алып еді. Бақыт Сұлтанов сөгістің әділ екенін айтып, енді не шара қабылдайтынын БАҚ-қа жеткізді.
Мен шенеуніктер әлеуметтік желі күшін бағаламайтынын бұған дейін жаздым. Онда барлық сала маманын табуға болады. Олар толық ақпараттан хабарсыз болса, іздеу жүйелерін қолданудан тартынбайды. Сондықтан «жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады» деген халық даналығын елең қылмайтын шенеуніктерге сөйлер алдында ойлану керек.
Бақыт Сұлтанов мұның бәрін керісінше істеді. Ол мәселе көтерме-тарату орталықтары құрылысы аяқталғаннан кейін шешілетінін мәлімдеді. Ал ол орталықты бітіру үшін МЖӘ аясында мемлекет міндеттемелерін орындау үшін қосымша 54 млрд теңге ғана бөлу жеткілікті екенін айтты.
Әлеуметтік желілер сұралған сома бюджет есебінен және мемлекеттік меншікке берілген көтерме-тарату орталықтары (КТО) Астана мен Шымкентте сатып алу құнымен сәйкес келетінін мәлімдеді. Бұл 2015 және 2017 жылдар болды. Сондықтан қисынды сұрақ туындады: сол кезде жұмсалған бюджет қаражаты осы қалалардағы бағаға қалай әсер етті?
Сондай-ақ, КТО жобасы бойынша жалпы ақпарат шықты. 2021 жылы жасалған шарт бойынша, жеті орталық құрылысына 413 млрд теңге жұмсау жоспарланып жатқаны белгілі болды.
Әлеуметтік желілерде бір көкөніс қоймасы құрылысы үшін мемлекет не себепті 60 миллиард теңге төлеуі керек екені туралы дау шықты. Өйткені бұл жағдайда бір шаршы метр құны 3 мың долларға жуық боп тұр. Жұмсартып айтқанда, бұл таңғалдырды.
ALEM RESEARCH компаниясы өте қауіпті тенденция бар екенін айтады. Әлеуметтік желілер бұрыннан қоғамды дүр сілкіндіру қуатты құралына айналды, ал баспасөз қызметтері оларды мүлдем елемеуді жөн көреді. КТО жағдайындағыдай, құнның неге бұлай екеніне жауап берілмеді. Демек Қазнетте «үнсіз қалса, демек жасыратыны бар» деген берік түсінік қалыптасты.
Бұл шілде айының соңында байқалған екінші негатив құбылысқа да қатысты.
Баспасөз қызметі министрдің Өзбекстанға жасаған сапары нәтижесі туралы есеп берді. Кәсібилік төмен болды ма, әлде о баста солай жоспарланғаны белгісіз, Бақыт Сұлтановтың сапары нәтижесі мынадай болды:
Шие туралы алғашқы хабарламадан кейін Қазнет 3 сағат бойы таңғалды. Содан кейін терісі жарылды. Қолданушылардың болжамы мен тұжырымын қорытындылар болсақ, мынадай екі негізгі тармақ шығады.
Біріншісі — ол министр ме, әлде алыпсатар ма? Мұндай схемамен кез келген базардағы кез келген делдал жақсырақ жұмыс істей алады. Өйткені бұл салада жүргеніне ұзақ уақыт болды әрі Сұлтановқа қарағанда жақсырақ саудаласады.
Екіншісі — Сұлтанов шынымен біздің ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр ма? Өзбектер өз экономикасына құйылған 50 миллиард үшін Бақыт Сұлтановқа медаль тағуы керек.
Тағы да министрліктің баспасөз қызметі де, Бақыт Сұлтановтың өзі де әлеуметтік желілердегі сынға жауап бермейді. Ал Қазнет сауда министрінің мүлдем тиімсіз екенін айта отырып, оның бұрынғы лауазымдарда да қызметінің нәтижелі болғаны шамалы екенін жеткізе бастады.
Бақыт Сұлтановтың отставкаға кетуі туралы хабарламаға негативтің соңғы серпіні келіп түсті. Аналитиктер мұндай резонанс Үкімет мүшелерінің бірде-бір отставкаға кетуінде байқалмағанын айтып өтті.
Айтпақшы, Бақыт Сұлтановты шындықты білмейді деп те сынға алды. Адамдар кезекте тұрып, сатушылар қантты дүкен сөрелеріне қоймай жатып келісін 600-800 теңгеге төбелесіп сатып алып жатқанда, бұрынғы министр жақында ғана қантты келісін 470 теңгеден сатып алғанын, ал қазір ол 480 теңгедей тұратынын айтып отырды.
Әрине, оның қант тапшылығының қорқатын түгі жоқ екенін, министрдің өзі сияқты шайды бал қосып ішуге болатыны туралы айтқаны да оқиға ішіне кіреді. Әлеуметтік желіге комментарий жазғандардың бірі сияқты «шайды балмен ішетін министр» дегеннен артық теңеуді ешкім бере алмайды.
Тағы бір нюанс бар. «Бал» туралы барлық қалжыңды былай қоя тұрған күннің өзінде Бақыт Сұлтановтың отставкасынан кейін комментарий жазғандардың басым көпшілігі жақын арада ол тағы бір лауазымға көтерілетініне сенімді. Ол «суға салса, батпайтындардың» қатарынан. Себебі «Жаңа Қазақстан деген — бағаның көтерілуі ғана, ал қалғаны баяғыдай».
Мұхтар Абаев
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…