Categories: Саясат

Отставкадағы подполковник Қорғаныс министріне ауыр айып тағып отыр

Ұлттық ұланның оставкадағы подполковнигі Нұржан Жақсыбаев қорғаныс министріне ауыр айып тағып отыр.

Оның айтуынша Руслан Жақсылықов бұрынғы қызметінде Астана маңындағы екі әскери бөлімшеден 488 миллионның жанармайын жымқырған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Журналистерді жинаған ол баспасөз жиынына адвокатын да ерте келді.  Екеуі де бәрін дәлелдеуге айғақ жеткілікті деп отыр.

Жанармайды жымқыруға сол кездегі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, қазіргі қорғаныс министрі Жақсылықов Руслан Фатихұлы тікелей қатысты. Істі тергеуде бірнеше куәгер оған қарсы дәлелмен, фактілермен түсінік берді.

Жанармайды әскери бөлімшелерден ұрлау 2022 жылдың қаңтар айына дейін жалғасқан. Тек аудиторлар түбегейлі тексеріс бастағаннан кейін ғана ұрлықтың артын жабу мүмкін болмады,

деді подполковниктің қорғаушысы.

Елорда іргесіндегі Қараөткел ауылындағы бөлімшелерде отын жетіспеушілігі қаңтар оқиғасынан кейін белгілі болды дейді Нұржан Жақсыбаев. Кейіннен қылмыстық іс қозғалып, 140 адам тергеліпті. 100 томдық істе ведомстводағы лауазымды тұлғалардың қолды қылған отынмен тіптен жер үйін жылытқаны да анықталған. «Екі жылға созылған тергеу нәтижесінде барлық жанармайды ұрлау әрекетіне мен жауапты болып қалдым» — дейді подполковник. Тергеуге көңілі толмай, журналистерді жинауы да сондықтан. Министрдің өзі бұл тақырыпты қозғағысы жоқ. Үкімет жиынынан шыққанда жүре жауап берген Руслан Жақсылықов «істің ақ-қарасын сот шешсін» деп қысқа қайырды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago