Фото: ашық дереккөзден
Қымбат бір жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Қазір жас келін ана болуға дайындалып жатыр.
Қымбаттың бұрынғы есімі — Құттықгүл. Ол есімінен ұялғасын Қымбат деп ауыстырып тастаған. Айтуынша, оның есімін әжесі қойған, есімінен талай ұялғаннан өзін таныстырғанда талай жылдар бойы «Катя» деп келген. Алайда жігітінің тегін білмей, тұрмысқа шығар алдында өзінің құжаттарына Қымбат деген есімді заңды түрде ауыстырғанын айтты.
Енді келін болып түскелі күйеуінің туыстары оған қысым жасауды тоқтатпаған. Олар келіннен күйеуінің тегін алуды талап етеді.
Күйеуінің тегінен ұялған ол, алудан бас тартқан, себебі күйеуінің тегі — Қотырбаев. Қымбат өзі жақында мемлекеттік жұмысқа тұрған, жас келін егер мен Қотырбаева болатын болсам, жұмыста маған бәрі күлетін болады дейді.
Ержан Қотырбаев көп балалы отбасында туып-өскен. Оның үш ағасы бар, олардың үш әйелі де Қотырбаева тегіне өткен, ал Ержанға ағалары әйелің сені тыңдамайды деп тисіп, келемеждейді екен.
Туыстары Ержанның үйіне жиі қонаққа келеді, оларды Қымбат барынша лайықты дастархан жайып күтіп алуға тырысады. Алайда, абысындары жас келінге тисіп, біз осы әулетті құрметтен соң тегін алдық, сен неге алмайсың деп қысым жасауды қоймайды екен.
Мен ешқашан тегімді өзгертуді жоспарламадым, сонымен қатар әкем бұған қарсы десем де жан-жақтан маза бермейді.
Жас келіннің айтуынша, оның күйеуімен де қарым-қатынасы нашарлай бастаған. Жұбайы Ержан да намыстанып өзінің тегін алуын талап етіп отыр. Қымбатқа атасы мен енесі де көңілдері суый бастаған. Қымбат ешкімді ренжіткісі келмейді, тек талай жылдар бойы Құттықгүл болып енді тағы Қотырбаева болатынына ашулы.
Шыдамы таусылған жас келін не ажырасамын немесе бұрынғы есімімді де қайтарып, осы әулеттің тегін алып Құттықгүл Қотырбаева болып, жұмыстан шығып Қотырбаеваларды көбейтіп осы үйде қамалып отырамын,
дейді.
ҚР азаматшасы ҚР азаматына тұрмысқа шыққан жағдайда, қыз болашақ күйеуінің тегін алуы заңда көрсетілмеген. Екі жастың таңдау құқықтары бар: тегін алуы, не алмауын өздері шешеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…