Фото: ашық дереккөзден
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында автобус апатқа ұшырап, 41 адам қаза тапты.
Әлемдік ақпарат агенттіктерінің үкімет өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, автобус көпірдің тіреуішіне соғылып, жыраға құлаған және өртенген.
Апат орнына барған Белуджистан провинциясындағы Ласбела округі әкімшілігі басшылығының өкілі қаза тапқандардың көбін тану мүмкін еместігін, ол ДНҚ талдауы арқылы анықталатынын жеткізді.
Автобуста 48 адам болған. Ол провинцияның әкімшілік орталығы – Кветта қаласы мен Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи портты қаласы арасында жүріп бара жатқан. Билік мәліметіне сәйкес, 3 адам құтқарылды.
Ласбела округі әкімшілігі өкілінің айтуынша, апатқа автобус жүргізушісінің ұйықтап кетуі себеп болуы мүмкін.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…