«Пәктігінен айырылса, жұмыстан қу»! Астанада жұмысқа қабылдау ережесі өзгерген

Астана қаласында жұмысқа орналасу тәртібі өзгеріпті, енді қыздардан тағы бір құжат талап етеді екен. Бұл туралы дәрігер Ғабит Нұрханұлы фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Қызық болғанда Астана қаласының 4 емханасына бойжеткендерді жұмысқа алғанда, диплом, сотталмаған, наркоман емеспін деген қағаздармен қатар екіқабат емеспін деген де құжат өткізу керек екен. Құжат болған экспресс тест таяқшалары жарамайды екен , міндетті түрде ХГЧ анализын тапсырып, мөрін қойдырып алып келу керек екен. Балалары бар, тұрмыстағы қыздардан сұраса мейлі екен , әлі тұрмыс құрмаған қыздарда тапсыру керек екен.

Светая Марияны барлығы ең пәк қыз деп жүргенде екі қабат болып қалып айды аспанға бір-ақ шығарды ғой, соған қорқып қалған болса керек, енді ешкімге сенбейді.

4 қалалық емхана сіздерге айтар кеңесім жұмысқа тек «пәк» қыздарды алыңыздар. Себебі тұрмыс құрғандары болса ,енді адам болған соң күйеуімен жатып қою мүмкін, арасына адамдарыңызды жіберіп бақылап отырмасаңыздар. Тұрмыс құрмағандары да пенде ғой, қыдырып қояды , тойлап қояды. Тек «пәк» қыздарды алсаңыздар ондай проблема болмайды. Жылына бір, екі  рет тексеру жүргізіп, «пәктігінен» айрылған күні жұмыстан шығарып отырыңыздар. Сол кезде ешкім жүкті болмай , жұмыс үзілмейді.

Заң бұзу емес пе, декрет ақшасын қызғану шығар.

Еліміздің заңының қай бабында жазылған?

Кореяда осындай заң бар. Ең әуелі екі қабат болмаймын деп контракт жасатып алып, содан кейін жұмысқа алады. Дамыған ел болайын деген шығар!

Ол анализді сұрауға қандай құқы бар? Ондай заң жоқ,

деп жазысты оқырмандар.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago