Фото: el.kz
Петропавлда жетім баланың құқығы тапталып, пәтер кезегіндегі орны заңсыз артқа шегерілген, хабарлайды Айқын агенттігі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің айтуынша, көктемде Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қала тұрғыны өтінішпен келген. Әйел патронаттық тәрбиедегі 2011 жылы туған баласын мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне қоюда кемшілік барын айтқан.
Әйел патронаттық тәрбиедегі баласын пәтер кезегіне 2018 жылдың ақпан айында қойған. Алайда kezekte.kz порталында кезек артқа сырғып, кезекке тұру уақыты 2018 жылдың қыркүйегі болып кеткен. Тұрғын кезектегі орынды қалыпқа келтіруін сұрап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан, алайда олар қателікті өздігінен түзетуге асықпаған. Сол себепті петропавлдық департаментке шағымданып, шара қолдануды сұрады.
Департамент тексеріс ұйымдастырып, оның қорытындысы бойынша жетім баланың құқығы қорғалды. Пәтер кезегіндегі орнын қыркүйектен ақпанға ауыстырудың нәтижесінде ол 67 орынға өзгерді.
Ал жауапты мемлекеттік қызметші — Петропавл әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…