Пәтерді жалдап тұру арзандады

Еліміздегі 11 қалада баға көрсеткіштері төмендеген.

Соңғы аптада елімізде пәтерлерді жалға беру бағасы тағы 2 пайызға арзандады. Krisha.kz порталы сарапшыларының мәліметінше, 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығында мониторинг жүргізіліп жатқан 11 қалада баға көрсеткіштері төмендеген.

Баға ең көп арзандаған қалалар:

  • Оралда: 6,2%, 1 шаршы метрге 2708 теңгеге дейін;
  • Қостанайда: 4,7%, 3174 теңгеге дейін;
  • Петропавлда: 4,7%, 2600 теңгеге дейін;
  • Алматыда: 3,1%, 6250 теңгеге дейін;
  • Астана: 2,5%, 4062 теңгеге дейін.

Дегенмен, зерттеуде айтылғандай, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жалға алу бағасы бастапқы деңгейге (қыркүйектің басындағы) төмендей қоймаған.

  • Қостанай (+24,6%),
  • Павлодар (+16,9%),
  • Алматы (+16,1%),
  • Астана (+11,7%) қалаларында сақталып отыр.

Қарағандыда, Ақтөбеде, Ақтауда, Атырауда баға бастапқы қалыпқа жетіп қалды деуге болады, қыркүйекпен салыстырғанда айырмашылық 5 пайыздан аспайды. Жалпы алғанда, қыркүйектің аяғынан қазан айының ортасына дейін әр қалада әр күні байқалған баға өзгерісі бүгінде орташа есеппен 28,8%-ға төмендеді.

Қарашада Қазақстанда пәтер сатып алу-сату нарығында жасалған мәмілелердің де саны біршама азайған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

18 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

19 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago