ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер қаралды.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша:
Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде салынған объектілерді пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы әлі де өзекті мәселе болып отыр.
Премьер-Министр бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкелетінін атап өтті.
«Өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды. Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба жүзеге асырылмайтын жағдайлар болмауы керек», — деді Әлихан Смайылов.
Ол сондай-ақ Ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бойынша негізгі құралдардың бірі болып белгіленгенін атап өтті.
Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын сапалы және уақытында іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды барынша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті.
Премьер-министр ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдетуді, Ұлттық экономика министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдардың және облыс әкімдіктерінің алдына Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…